Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Борохоро жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының шығысындағы тау. Борохоро жотасы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Демократиялық Республикасының аумағында орн

Борохоро жотасы

  • Басты бет
  • Борохоро жотасы

Борохоро жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының шығысындағы тау. Борохоро жотасы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Демократиялық Республикасының аумағында орналасқан. Боророхоро жотасының ортаңғы және шығыс бөліктері Қытайда, батыс бөлігі - Тоқсанбай тауында (Оңтүстік Жоңғария). Жотада Қорғас, Шыжың, Тышқан, Көктал және Үсек шатқалдары орналасқан. Жотаның оңтүстігінде Іле алқабы созылып жатыр; солтүстігінде Жоңғар Алатауынан Көксу мен Қазан шатқалдары бөлінген; Барохудзир алқабы Жоңғар Алатауын Алтын Емел тауынан бөледі. Тоқсанбай тауының ең биігі 4370 метр. Жотаның құрамына рифтік метаморфит тау жыныстары, рифтік интрузивті түзілімдер, ерте және кеш палеозой, девондық және көміртекті эффузивті жыныстар жатады. Жотаның көтерілуі 2,5 миллион жыл бұрын басталып, жалғасуда.

Борохоро жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Пайда болған кезеңі

Прекембрий, палеозой

Ұзындығы

250 км

Биіктігі

4500 м

Орналасуы

44°30′ с. е. 81°00′ ш. б. / 44.500° с. е. 81.000° ш. б. / 44.500; 81.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°30′ с. е. 81°00′ ш. б. / 44.500° с. е. 81.000° ш. б. / 44.500; 81.000 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан,  Қытай

Борохоро жотасы (Қазақстан)
Борохоро жотасы (Қазақстан)
Борохоро жотасы
Борохоро жотасы (Қытай)
Борохоро жотасы

Мазмұны

Географиялық орны

Батыс шеті Қазақстан аумағына енеді, қалған бөлігі Қытайда. Іле өзені мен Ебінұр көлі аралығында орналасқан. Ұзындығы 250 км, абсолюттiк биіктігі 4500 м.

Геологиялық құрылымы

Прекембрийдің және палеозой дәуірінің кристалдық, метаморфтық тау жыныстарынан түзілген.

Жер бедері

Жер бедері терең шатқалдардан тұрады, олар соңғы тектоникалық қозғалыстар әсерінен қатты тілімденген. Жотаның басында 50-ден астам мұздықтар бар.

Белдеулері

1800 м-ге дейінгі беткейлерде таулы-далалы, 1800 – 2800 м аралығында шалғынды орман белдеуі (шыршалы белдеу), одан жоғарыда альпі шалғыны мен нивальды (қарлы) белдеулер жатыр.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Тұрмыс-салт жырлары

  • Наурыз 22, 2026

    Ауа

  • Сәуір 07, 2026

    Қазақстан премьер-министрі

  • Сәуір 05, 2026

    Мединелік сүре

  • Сәуір 03, 2026

    Пошта индексі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары