Сауран ауданы — Түркістан облысы аумағындағы әкімшілік-аумақтық бөлік. Орталығы – Шорнақ ауылы.
| Қазақстан ауданы | |
| Сауран ауданы | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Облысы | |
| Аудан орталығы | Шорнақ |
| Ауылдық округтер саны | 12 |
| Ауыл саны | 34 |
| Әкімі | Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров |
| Аудан әкімдігінің мекенжайы | Шорнақ ауылы, Темірбаев көшесі №30 |
| Тарихы мен географиясы | |
| Құрылған уақыты | 15 наурыз 2021 жыл |
| Жер аумағы | 7 217 км² |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | 100 163 адам (2023) |
| Ұлттық құрамы | өзбектер (57,12%), қазақтар (41,36%), орыстар (0,56%), басқа ұлт өкілдері (0,96%) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 13 |
| Сауран ауданы әкімінің аппараты | |
|
| |
Географиялық орны
Аудан солтүстігінде Созақ ауданымен, оңтүстігінде Отырар ауданымен, шығысында Бәйдібек ауданымен, оңтүстік-шығысында Ордабасы ауданымен, батысында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданымен шектеседі.
Тарихы
Сауран ауданы Қазақстан Республикасының Президентінің 2021 жылғы 12 наурыздағы №534 Жарлығына сәйкес 15 наурыз күні құрылды. Ауданға Кентау қаласының құрамынан Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Оранғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтері берілді.1997 жылға дейін қазіргі Сауран ауданының аумағында Түркістан ауданы болған.
Әкімшілік бөлінісі, халқы
34 елді мекен 12 ауылдық округке біріктірілген:
| Ауылдық округтері | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Бабайқорған ауылдық округі | 6467 | ▼5226 | 80,8 | 3235 | ▼2670 | 82,5 | 3232 | ▼2556 | 79,1 |
| Ескі Иқан ауылдық округі | 14294 | ▲20885 | 146,1 | 7212 | ▲10387 | 144 | 7082 | ▲10498 | 148,2 |
| Жаңа Иқан ауылдық округі | 6253 | ▲7556 | 120,8 | 3140 | ▲3825 | 121,8 | 3113 | ▲3731 | 119,9 |
| Жүйнек ауылдық округі | 8646 | ▲10387 | 120,1 | 4414 | ▲5314 | 120,4 | 4232 | ▲5073 | 119,9 |
| Жібек жолы ауылдық округі | 2205 | ▼2144 | 97,2 | 1096 | ▼1093 | 99,7 | 1109 | ▼1051 | 94,8 |
| Иассы ауылдық округі | 2448 | ▲2677 | 109,4 | 1248 | ▲1346 | 107,9 | 1200 | ▲1331 | 110,9 |
| Қарашық ауылдық округі | 8267 | ▲9824 | 118,8 | 4217 | ▲4972 | 117,9 | 4050 | ▲4852 | 119,8 |
| Майдантал ауылдық округі | 3285 | ▼2943 | 89,6 | 1709 | ▼1566 | 91,6 | 1576 | ▼1377 | 87,4 |
| Ораңғай ауылдық округі | 6929 | ▲7965 | 115 | 3517 | ▲4128 | 117,4 | 3412 | ▲3837 | 112,5 |
| Үшқайық ауылдық округі | 5447 | ▲5468 | 100,4 | 2751 | ▲2779 | 101 | 2696 | ▼2689 | 99,7 |
| Шаға ауылдық округі | 8856 | ▲9783 | 110,5 | 4481 | ▲4964 | 110,8 | 4375 | ▲4819 | 110,1 |
| Шорнақ ауылдық округі | 11102 | ▲12153 | 109,5 | 5589 | ▲6168 | 110,4 | 5513 | ▲5985 | 108,6 |
| ЖАЛПЫ САНЫ | 84199 | ▲97011 | 115,2 | 42609 | ▲49212 | 115,5 | 41590 | ▲47799 | 114,9 |
Әкімдері
- Ғани Құрмашұлы Рысбеков (22.04.2021 — 25.12.2022)
- Ғалымжан Қарабайұлы Үсенбаев (26.12.2022 — 25.10.2023)
- Мақсат Асылбекұлы Таңғатаров (26.10.2023 ж. — қазіргі уақытқа дейін)
