Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Уолтер Брюс Уиллис (ағылш. Walter Bruce Willis, 19 наурыз 1955, Идар-Оберштайн, Рейнланд-Пфальц, ГФР) — зейнеттегі америкалық киноактёр, продюсер, неміс әншісі,

Брюс Уиллис

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Брюс Уиллис
Bruce Willis
Сурет
Уиллис, 2018 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Уолтер Брюс Уиллис

Туған күні

19 наурыз 1955 (1955-03-19)(71 жас)

Туған жері

Идар-Оберштайн, Рейнланд-Пфальц, Германия

Азаматтығы

 АҚШ

Мамандығы

актёр, музыкант, кинопродюсер

Белсенді жылдары

1980 жылдан бері

Марапаттары

Алтын глобус (1987)
Эмми (1987, 2000)

IMDb

ID 0000246

Уолтер Брюс Уиллис (ағылш. Walter Bruce Willis, 19 наурыз 1955, Идар-Оберштайн, Рейнланд-Пфальц, ГФР) — зейнеттегі америкалық киноактёр, продюсер, неміс әншісі, Голливудтың ең танымал актерлёрінің бірі. «Қойыртпақ шығарма» (1994), «12 маймыл» (1995), «Бесінші элемент» (1997), «Армагеддон» (1998), «Алтыншы сезім» (1999) фильмдеріндегі рөлдері үшін белгілі.

Өмірбаяны

Брюс Батыс Германиядағы Идар-Оберштейнде туған. Оның әкесі, америкалық сарбаз, ал анасы неміс болатын. 1957 жылы отбасы Нью-Джерсиге қайтып оралады. Брюс төрт балалардың ішінен ең үлкені болып табылады. Мектепте оқып жүргенінде театр үйірмесіне қатысқан. Монклер университетін бітіріп, Нью-Йорк қаласына көшеді.

Мансап

Уиллиске танымалдылық бірден келе қоймады – ол көптеген театр қойылымдарында ойнап, кішігірім рөлдерді иеленген болатын. Кейін «Детективное агентство «Лунный свет»» (1985—1989) телесериалында, 1988 жылы «Крепкий орешек» фильмінде түсіп, дүние жүзіне әйгілі бола бастайды. 1994 жылы Квентин Тарантиноның «Қойыртпақ шығарма», 1999 жылы «Шестое чувство» фильмдерінде басты рөлге ие болады. Қазіргі кезе Уиллис Роберт Родригес атты кинорежиссермен серіктес болып, оның екі фильмінде түсті.

2009 жылғы 23 сәуірде Belvedere S.A. компаниясымен келісім шартқа отырып, Sobieski арағының бет-бейнесі болды.

Жеке өмірі

1987-2000 жылдар аралығында Деми Мур атты актрисамен некеде болды. Олардың үш қызы бар: Румер Гленн Уиллис (1988), Скаут ЛаРу Уиллис (1991) және Талула Бэль Уиллис (1994). Қазір Уиллис Эмма Хемингпен некеде. Олардың екі қызы бар: Мейбел Рей (012), Эвелин Пенн (2014). Брюс Уиллис – солақай. Бойы 183 метр.

Жоғары