Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Бірқазан — Жалтыр көлінің батысында, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қисыққамыс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан көл.

Бірқазан (көл)

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бірқазан
Морфометрия
Өлшемі5,7 × 1,4 км
Ауданы4,51 км²
Жағалау сызығының ұзындығы13,9 км
Су алабы
Құятын өзенКөшім
Орналасуы
49°10′47″ с. е. 50°15′23″ ш. б. / 49.17972° с. е. 50.25639° ш. б. / 49.17972; 50.25639 (G) (O) (Я)Координаттар: 49°10′47″ с. е. 50°15′23″ ш. б. / 49.17972° с. е. 50.25639° ш. б. / 49.17972; 50.25639 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақБатыс Қазақстан облысы
АуданЖаңақала ауданы
Бірқазан
Бірқазан (көл) (Батыс Қазақстан облысы)
Бірқазан

Бірқазан — Жалтыр көлінің батысында, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының Қисыққамыс ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 3 км жерде орналасқан көл.

Гидрографикасы

Аумағы 4,51 км2, ұзындығы 5,7 км, ені 1,4 км, жағалауының ұзындығы 13,9 км. Жағалауы жайпақ, қамыс, құрақ ескен. Негізінен жауын-шашын және жер асты суымен толығады. Суы кермек татиды. Көктем айларында Көшім өзені суының есебінен аумағы үлкейеді. Жыл бойы көлде су болады. Қарашада қатып, сәуірдің ортасында мұзынан арылады. Жағалауы шабындық. Көлде балық бар, қамыс-құрағында құстар ұялайды.

Жоғары