Вокальдық музыка — музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуінсіз жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығармалар.
Ірі жанрлары — музыка-драмалық шығармалар, оратория, орта жанрлары — кантата, вокалды цикл, литургия, хор концерті, Кіші жанрлары — вокалды миниатюра (ән, романс). Кейде адам дауысы оркестрлік музыкаға үлесіп айтылады (мысалы, Петр Ильич Чайковскийдің «Щелкунчик»-те).
Вокалды музыканың жанрлары:
- Опералы — оркестр мен әншілердің қатысуымен сәндік костюмдерде, декорацияларда көрсетілетін толық метінді музыкалық-драмалық шығарма.
- Ораториалды — соло, хор және оркестр үшін арналған концерттік орындауға арналған үлкен құрылымды шығарма, әдетте діни тақырыпта.
- Кантата — ораторияға ұқсас, бірақ одан шағын көлемді концерттік шығарма.
- Камералы — әдетте шағын әуеншілер ансамблі үшін (әр партияны бір музыкант орындайды) және шағын залдарда орындалуға арналған инструменттік немесе вокалдық музыканың бір саласы.
- Оперетта — жеңіл, күлкілі сюжеті бар музыкалық-сәндік шығарма.
- Джаз — жеке вокалдық бағыт ретінде емес, бүкіл дербес музыкалық бағыт ретінде қарастырылады. Оның ішінде аспаптық (инструменталдық джаз) және дауыстық (вокалдық джаз) түрлері бар.
Вокалдық музыкаға халық әндері, жырлары, классиктері мен қазіргі композиторларының ән-хорлары жатады. Вокальдық музыка, негізінде, халық арасынан шыққан. Бұған Біржан-Сал, Мұхит, Абай, Ақан сері, Жаяу Мұсаның әндері кепіл.
- Вокалдық музыка