Волгоград облысы (орыс. Волгоградская область) — Кавказ жерінің солтүстігінде орналасқан Ресей облысы және Ресей Федерациясының субъектісі. Әкімшілік орталығы Волгоград қаласында. 2010 жылғы санат бойынша халық саны 2,610,161 адамға тең.
| Ресей Федерациясының субъектісі, облыс | |||||
| Волгоград облысы | |||||
| орыс. Волгоградская область | |||||
Волгоград облысының табиғаты | |||||
| |||||
| Әкімшілігі | |||||
|---|---|---|---|---|---|
| Ел |
| ||||
| Федералды округі | Оңтүстік | ||||
| Экономикалық ауданы | Волга маңы | ||||
| Әкімшілік орталығы | Волгоград | ||||
| Губернаторы | Андрей Иванович Бочаров | ||||
| Тарихы мен географиясы | |||||
| Құрылған уақыты | 5 желтоқсан 1936 (Сталинград облысы ретінде)<>16 желтоқсан 1961 (Волгоград облысы) | ||||
| Жер аумағы | 112 877 км² (31 орын) | ||||
| Биіктігі · Ең биік |
| ||||
| Уақыт белдеуі | UTC+3, МСК | ||||
| Ірі қалалары | Волгоград, Волжский, Камышин, Михайловка | ||||
| Тұрғындары | |||||
| Тұрғыны | ▼ 2 449 781 адам (2022)(19 орын) | ||||
| Тығыздығы | 21,7 адам/км² | ||||
| Ұлттық құрамы | орыстар, қазақтар, украиндар, армяндар | ||||
| Ресми тілі | |||||
| ISO 3166-2 коды | RU-VGG | ||||
| ОКАТО коды} | 18 | ||||
| РФ субъектінің коды | 34 | ||||
|
| |||||
Географиялық орналасуы
Волгоград облысы Саратов, Ростов, Астрахан, Воронеж облыстарымен, Қалмақстан Республикасымен және Қазақстанның Батыс Қазақстан облысымен шектеседі.
Волгоград облысы солтүстіктен оңтүстікке және батыстан шығысқа қарай 400 км-ден астам қашықтыққа созылып жатыр. Шекарасының жалпы ұзындығы 2221,9 км, және оның 29,9%-ы Саратов облысымен, 26,8%-ы Ростов, 11,4%-ы Астрахан, 11,3%-ы Воронеж облыстарымен, 10,9%-ы Қалмақстан Республикасымен және 9, 7%-ы Қазақстанмен шектеседі.
Волгоград облысы Иран, Кавказ, Украина және Қазақстанға шығатын Ресейдің негізгі оңтүстік қақпасы болу арқылы қолайлы географиялық орынға ие. Орталық Ресейге және Волга маңына (Поволжье) кері бағытта. Сондай-ақ, обылста Ресейдің еуропалық бөлігіндегі екі ең маңызды өзені — Еділ мен Дон арқылы қосылған. Ол канал арқылы Каспий, Ақ теңіз, Балтық теңізі, Қара теңіз және Азов теңіздеріне шығуға болады.
Облыс 112,9 мың км² аумақты қамтиды. (78%-ы - ауыл шаруашылығына жарамды жерлер).
Тарихы
Волгоград облысы «Сталинград облысы» атымен 1936 жылы 5 желтоқсан күні бұрынғы Сталинград өлкесінің аумағында құрылды. Облыстың қазіргі атауы 1961 жылы 10 қарашада қабылданды.
Халқы
Ұлттық құрамы
Кестеде тек халық саны 7,000-нан астам ұлттар ғана көрсетілген
| Ұлты | Саны (2010) | Пайызы |
|---|---|---|
| Орыстар | 2,309,253 | 90 |
| Қазақтар | 46,223 | 1.8 |
| Украиндар | 35,607 | 1.4 |
| Армяндар | 27,846 | 1.1 |
| Татарлар | 24,557 | 0.9 |
| Әзербайжандар | 14,398 | 0.6 |
| Немістер | 10,102 | 0.4 |
| Шешендер | 9,649 | 0.4 |
| Беларустар | 7,868 | 0.4 |
| Корейлер | 7,044 | 0.3 |
Діни құрамы
2012 санақ бойынша облыс халқының 54.5%-ы өзін Орыс православ шіркеуіне жатқызады, 4%-ы басқа христиандар, 3%-ы мұсылмандар. Оған қоса 18%-ы өзін «Рухани, бірақ діни емес» деп сипаттайды, 12%-ы атеист және қалған 6.5%-ы басқа дін өкілдері немесе жауап бермегендер.
Саясаты
Волгоград облысының жергілікті парламенті «Волгоград облыстық Думасы» (орыс. Волгоградская областная дума) деп аталады.
Андрей Иванович Бочаров — облыстың 2014 жыл, 24 қыркүйек күнінен бергі губернаторы, партиясыз саясаткер.
Облыстың туы және елтаңбасының екеуі де Волгоградтағы «Отан-Ана», «Отан шақырады» скульптурасы бейнелеген.
