Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Географиялық координаттар (лат. со – бірге, ordinatus – реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер. Ол

Географиялық координаттар

  • Басты бет
  • Географиялық координаттар


Географиялық координаттар (лат. со – бірге, ordinatus – реттелген) — жер бетіндегі экваторға және нөлдік меридианға қатысты нүктенің орнын көрсететін мөлшер. Олар географиялық ендік және географиялық бойлық болып ажыратылады. Географиялық ендік жер бетінің кез келген нүктесіне түсірілген тік сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрышпен өлшенсе, географиялық бойлық нүктеден өтетін меридиан мен бастапқы меридиан арасындағы бұрыш арқылы анықталады.

Бойлық сызықтар перпендикуляр, ал ендік сызықтар экваторға параллель.

Бастапқы (нөлдік немесе бірінші) меридиан ретінде халықаралық келісім бойынша Лондон қаласы маңындағы Гринвич обсерваториясы арқылы өтетін меридиан алынған. Географиялық ендік экватордан 0°-тан басталып солтүстік және оңтүстік полюстерге қарай 90°-қа дейін өзгереді.

Солтүстік жарты шарда – оң, оңтүстік жарты шарда – теріс болып есептеледі. Бойлық бастапқы меридиандағы 0°-тан басталып 360°-қа дейін өзгереді. Ол шығысқа немесе батысқа қарай өлшенуіне сәйкес, шығыстық немесе батыстық бойлық деп аталады. Бойлықтың 0°-тан 180°-қа дейінгі санау әдістері де қолданылады. Географиялық координаттар бұрышты өлшегіш аспаптардың көмегімен (теодолит, секстант, т.б.), астрономиялық бақылаулар арқылы анықталады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Мамыр 18, 2026

    Камала Харрис

  • Сәуір 03, 2026

    Неміс тілі

  • Сәуір 12, 2026

    Жезді ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Жәңгір-Керей хан

  • Сәуір 05, 2026

    Ай фазалары

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары