Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Браим Абделькадер Диас (ис. Brahim Abdelkader Díaz; 3 тамыз 1999, Малага, Испания) — марокколық және испаниялық футболшы, "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы.

Браим Диас

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Браим Диас Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

3 тамыз 1999 (1999-08-03)(27 жас)

Азаматтығы

Испания Испания
Марокко Марокко

Бойы

171

Салмағы

67

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Испания Реал Мадрид

Клуб карьерасы
2016—2019 Англия Манчестер Сити 5 (0)
2019— Испания Реал Мадрид 77 (13)
2020—2023 → Италия Милан 91 (13)
Ұлттық құрамы
2021  Испания 1 (1)
2024—  Марокко 10 (8)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Браим Абделькадер Диас (ис. Brahim Abdelkader Díaz; 3 тамыз 1999, Малага, Испания) — марокколық және испаниялық футболшы, "Реал Мадрид" клубының шабуылшысы.

Карьерасы

"Малага" клубының түлегі. 2013 жылы 14 жасында "Манчестер Ситидің" мектебіне ауысты. 2017 жылдан негізгі құрамда ойнай бастады. 2018 жылы 20 қаңтарда тұңғыш рет Англия чемпионатында алаңға шықты.

2019 жылы қаңтарда "Реал Мадрид" клубына ауысты. Трансфер құны 17 млн еуроны құрады. 9 қаңтарда Испания кубогында тұңғыш рет клуб сапында алаңға шықты.

2020 жылы 4 қыркүйекте "Миланға" жалға берілді.

2023 жылдың 10 маусымында Реал Мадрид клубы Браим Диастың үш маусымдық Милан клубындағы арендасынан оралғанын және оның келісімшартын 2027 жылдың маусымына дейін ұзартқанын хабарлады.

Жетістіктері

«Манчестер Сити»
  • Англия чемпионы: 2017/18
  • Англия суперкубогы: 2018
«Реал Мадрид»
  • Испания чемпионы: 2019/20
  • Испания суперкубогы: 2019/20
Испания құрамасы
  • Жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 2018

Сілтемелер

Жоғары