Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923(19231215), Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің е

Гүлфайрус Ысмайылова

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова
Туған күні

15 желтоқсан 1929 (1929-12-15)

Туған жері

Алматы

Қайтыс болған күні

12 мамыр 2013 (2013-05-12)(83 жас)

Қайтыс болған жері

Алматы

Мектебі

Репин атындағы институт

Өнер ағымы

театр суретшісі

Марапаттары

Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (15 желтоқсан 1923(19231215), Алматы — 12 мамыр 2013, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965). Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002).

Өмірбаяны

Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.

  • 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
  • 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.
  • 1947–1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды.
  • 1956–1957 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
  • 1971–1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші.
  • 2013 жылы Алматыда қайтыс болды.

Шығармашылығы

Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио-Чио-Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.

Сомдаған рөлдері

  • 1949 – Тыгрена ("Аласталған Алитет")
  • 1957 – Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957)
  • 1959 – Тана ("Бір түні", 1972) т.б.)
  • 1971 – Қыз Жібек - Айгөз, Жібек анасы
  • 1972 – Уайымдаған жас – Анвардың анасы

Марапаттары

  • 1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
  • 1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді;
  • 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі;
  • 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
  • 1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді;
  • КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
  • 1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды;
  • 2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды;
  • 2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды.
Жоғары