Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Лиза ЭдельштейнОмар ЭппсРоберт Шон Леонард[[Дженнифер Моррисон]]Джесси СпенсерПитер ДжейкобсонКэл Пенн[[Оливия Уайлд]]Эмбер ТэмблинОдетт ЭннэйблШарлин И"},"баян

Доктор Хаус

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)

Дәрігер Хаус
ағылш. House, M.D.
Дәрігер Хаус
Жанры медициналық драма
Идея авторы Дэвид Шор
Рөлдерде Хью Лори
Лиза Эдельштейн
Омар Эппс
Роберт Шон Леонард
Дженнифер Моррисон
Джесси Спенсер
Питер Джейкобсон
Кэл Пенн
Оливия Уайлд
Эмбер Тэмблин
Одетт Эннэйбл
Шарлин И
Бастапқы тақырып «Teardrop» (Massive Attack)
Мемлекет  АҚШ
Тілі Ағылшын тілі
Маусымдар саны 8
Сериялар саны 177
Өндіріс
Продюсер Пол Аттанасио
Кейти Джейкобс
Дэвид Шор
Брайан Сингер
Томас Л. Моран
Рассел Френд
Гарретт Лернер
Грег Йейтанес
Хью Лори
Студия Heel & Toe Films
Shore Z Productions
Bad Hat Harry Productions
NBC Universal Television Studios (2004—2007)
Universal Media Studios (2007—2011)
Universal Television (2004, 2011—2012)
Статус Аяқталды
Хабар тарату
Телеарна Fox
Бейне форматы 480i (SDTV)
720p (HDTV)
Таратылым кезеңі 16 қараша 2004 — 21 мамыр 2012
Сілтемелер
IMDb ID 0412142
Ресми сайты

«Дәрігер Хаус» (ағылш. House, M. D.) — Грегори Хаус (ағылш. Gregory House) есімді танымал дәрігер-диагност және оның дәрігерлерден құралған тобы жайлы америкалық телесериал. Сериалдың негізгі жанры – медициналық драма, алайда сюжетте детектив элементтері қолданылған. Сериал әлемде аса танымалдылыққа ие, сондай-ақ «Пибоди» және «Эмми» сынды марапаттардың лауреаты.

Сериалдың сынамалы сериясы 2004 жылдың 16 қарашасында Fox телеарнасында эфирге шығарылды. Сегізінші маусымның премьерасы дәл осы телеарнада, 2011 жылдың 3 қазанында жарық көрді. Сериал әлемнің көптеген елдерінде, тіпті кейбір ТМД елдерінің бірнеше телеарналарында таратылды. Мәселен Қазақстанда 2009 жылдың 2 ақпанынан бастап КТК телеарнасынан сериалдың алғашқы 3 маусымы көрсетілді.

2012 жылдың 8 ақпанында Fox телеарнасы сериалдың сегізінші маусымы соңғы болатындығын жариялады. Сол жылдың 21 мамырында «Дәрігер Хаус» телесериалының соңғы 177-сериясы жарық көрді.

2013 жылдың мәліметтеріне сәйкес сериалды 80 млн көрермен тамашалаған, сондықтан сериал «Гиннесс рекордтар кітабына» енгізілген..

Жалпы суреттемесі

Телесериал логотипі

Дәрегір Хаус — бүйрек аурулары (нефрология) және жұқпалы ауруларды емдеу мамандықтары бойынша маманданған әлемге танымал, жарқын диагност, алайда өзінің тұйықтық, тік мінезділік, арсыздық және бүлікшілік сияқты мінез ерекшіліктері – оған науқастары мен әріптестерінің сүйіктісі болуына жол бермейді. Ол сыпайылық ережелерін сақтамайды, сондай-ақ сақтауға жа тырыспайды, тіпті кейде оның бойынан аяушылық қасиетінің жоқ екендігін байқап қалатын кездер де бар. Хаустың өмірлік ұстанымын Форманның «Ол ережелерді бұзбайды, тек қана елемейді» және өзінің «Барлығы жалған сөйлейді» деген сөздері ғана толық сипаттай алады. Осы бір ұстанымдар күрделі медициналық жағдайлардың шешімін табуда Хаусқа көмектесетін бірден-бір нәрсе.

Хаус он жақ санының төртбасты бұлшықетінің инфарктісін алып, ота нәтижесінде оның төртбасты бұлшықетінің ауқымды бөлігі алынып тасталғандықтан аяғы әрдайым ауырады, сондықтан ол ауырсынуды басатын викодинді қолдануға және әрдайым таяққа таянып жүруге мәжбүр. Ол викодинді өте көп мөлшерде қабылдайды, тіпті науқастың алдында да қабылдай бертіні де бар, себебі Хаус викодинсіз жұмыс істеуге, тіпті өмір сүруге жарамсыз болып қалады. Шындығын айтқанда Хаус өзінің тәуелділігін білетін, алайда одан айырылуды көздемейтін нашақор. Кемтарлық пен нашақорлық Хаустың мінезіне кері әсерін тигізеді және көп жағдайда өзінің қыршаңқылығы мен жөнсіз қылықтарын ауырсынудың салдары деп ақталады.

Хью Лори, сериал продюсері Кэти Якобс және Дэвид Шор

Хаустың көмекшілері — иммунолог Эллисон Кэмерон (Дженнифер Моррисон), невролог Эрик Форман (Омар Эппс), сондай-ақ хирург және реаниматолог Роберт Чейз (Джесси Спенсер). Төртінші маусымда жаңа көмекшілер пайда болады: дәрігер Реми Хадли (Оливия Уайлд), оны «Он үш» деген лақап атымен атайды, жас дәрігер Лоренс Катнер (Кэл Пенн) және пластикалық оташы Крис Тауб (Питер Джейкобсон). Бесінші маусымда белгісіз себептермен Лоренс Катнер өзіне қол жұмсайды (Кэл Пеннге Барак Обаманың президенттік әкімшілігінде жұмысқа ұсынылып, ол рөлін тастауды ұйғарады). Бесінші маусымның соңында викодинді өте көп мөлшерде қабылдағандықтан Хауста жүйелік галлюцинациялар пайда болып, психиатриялық емханаға жатуға мәжбүр болады. Сондықтан Эрик Форман диагностика бөлімінің уақытша басшысы болып тағайындалады. Крис Тауб пен Он үш жұмыстан кетіп, Роберт Чейз пен бірнеше уақытқа Эллисон Кэмерон жұмысқа қайта оралады. Тәуелділіктен айыққан Хаус қайтып келіп, Крис Тауб пен Он үшті қайта жұмысқа алады, алайда жетінші маусымда Он үш қайтадан жұмыстан шығып кеткендіктен, оның орнына дарынды үшінші курс студенті Марта Мастерс (Эмбер Тэмблин) келеді. Мастерс жетінші маусымның 12 сериясында практика сағаты аяқталғандықтан және Хаустың басқруында интернатура өтуді қаламағандықтан жұмыстан шығып кетеді, оның орнына қайтадан Он үш қайтып келеді.

Хаустың тағы әріптестері — оның ең жақын досы, дәрігер онколог Джеймс Уилсон (Роберт Шон Леонард) және Принстон-Плейнсборо (ағылш. Princeton-Plainsboro) ауруханасының бас дәрігері Лиза Кадди (Лиза Эдельштейн). Лиза Эдельштейн келісімшартты 8 маусымға дейін ұзартуға келіспегендіктен, аурухана бас дәрігерінің орнын Форман алады.

Мазмұны

Сериалдың барлық дерлік бөлімі бір-бірімен ұқсас. Эпизодтардың көбісі Нью-Джерсидегі Принстон қаласында орналасқан, Хаустың жұмыс орны – Принстон-Плейнсборо ауруханасынан (ағылш. Princeton-Plainsboro) тыс жерде орын алған оқиғадан басталады. Эпизодтың бастапқы бөлігінде науқастың симптомдарының пайда болуына алып келген жағдайлар сипатталады. Ал негізгі бөлімде дәрігерлер осы симтомдарды тудыратын ауруды анықтаумен айналысады. Диагноз қоюда топ дифференциалдық диагностика әдісін пайдаланады.

Әдеттегідей толық бір эпизод бойы, аурудың даму қарқынына байланысты науқасқа бірнеше диагноз қойылуы мүмкін, осыдан кейін дәрігерлер науқасты емдеуге көшеді, алайда соңында бұл емдеу не ешбір нәтиже бермейді, не науқастың жағдайы нашарлауы мүмкін. Бұл жағдайдан кейін науқаста, оның туыстары мен жақындарында Хаусқа деген сенімсіздік пайда болады. Сондықтан қорытынды диагноз қойылып, дəрігерлер емдеуге кірісерде науқас кезекті қате диагноз деп ойлап, емделуден бас тартып, қарсылық көрсетуі мүмкін.

Көбінесе науқас немесе оның жақындары симптомдар жайлы, ауруды тудырған жеке жағдайлар жайлы (мәселен, науқастың басқа адаммен қатынаста болуы, жыныс қатынасынан жұғатын аурулардың болуы, ішімдікке тəуелділік немесе нашақорлық) құнды ақпараттарды қасақана болса да, білместен құпия сақтап қалуының салдарынан нақты диагнозды қоюда қиындықтар тууы мүмкін. Сондықтан Хаус диагнозды талқылау барысында «Барлығы жалған сөйлейді» (ағылш. everybody lies) немесе «науқас өтірік айтады» деген сөздерді жиі қолданады. Сондай-ақ науқас өзін-өзі емдеуге талпынуын Хаус «науқас — есуас» деп түсіндіреді. Барлық бөлімде дерлік Хаустың тобынан екі адам (бірнеше бөлімде Хаустың өзі де) қосымша ақпараттарды табу мақсатында науқастың үйінде заңсыз тінту жүргізеді.

Сериалдағы медицина

Сериалдың техникалық кеңесшісі – «The New York Times» газетіне медициналық тақырыптарда мақала жазатын дәрігер Лиза Сандерс. Лиза Сандерстің газеттегі мақалалары сериалдың атқарушы продюсері Пол Аттаназионың осы сериалдың жарыққа шығуына себепші болды.

Сериалдың негізгі тақырыбы медицина болғанымен, оқиғалар детективтік сипатқа ие. Мысалы ретінде дәрігер Хаустың диагноз қоюда көмегі тиюі мүмкін айғақтарды табу мақсатында науқас үйінде тінту жүргізуін келтіруге болады.

Басты рөлдер

ЕсіміРөлді сомдағанМамандығыМаусымдар
12345678
Д-р Грегори ХаусХью ЛориЖұқпалы аурулар маманы, нефролог, Диагностика бөлімінің басшысыБасты рөлде
Д-р Лиза КаддиЛиза ЭдельштейнЭндокринолог, Аурухана бас дәрігеріБасты рөлде
Д-р Джейм УилсонРоберт Шон ЛеонардОнкология бөлімінің басшысыБасты рөлде
Д-р Эрик ФорманОмар ЭппсНевролог, диагностика бөлімінің басшысы, дәрігер-диагност, аурухана бас дәрігеріБасты рөлде
Д-р Роберт ЧейзДжесси СпенсерХирург, реаниматолог, кардиолог, Диагностика бөлімінің басшысыБасты рөлде
Д-р Эллисон КэмеронДженнифер МоррисонИммунолог, дәрігер-диагностБасты рөлдеҚонақ
Д-р Крис ТаубПитер ДжейкобсонПластикалық оташы, дәрігер-диагностҚайталанатын рөлБасты рөлде
Д-р Лоренс КатнерКэл ПеннСпорттық медицина маманы дәрігер-диагностҚайталанатын рөлҚонақ
Д-р Реми «Үн үш» ХадлиОливия УайлдТерапевт, дәрігер-диагностҚайталанатын рөлБасты рөлдеҚайталанатын рөл
Д-р Марта МастерсЭмбер ТэмблинҚолданбалы математика және Өнер тарихы бойынша екі мәрте Ph.D докторы, Медицина студентіБасты рөлдеҚонақ
Д-р Джессика АдамсОдетт ЭннэйблТүрмелік емхана дәрігері, дәрігер-диагностБасты рөлде
Д-р Чи ПакШарлин ИНевролог, дәрігер-диагностБасты рөлде
Жоғары