| Жалайыр Сұлтанаты Jalayirid Sultanate Монархиялы империя | |||||||
| |||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|
| |||||||
| Астанасы |
| ||||||
| Тіл(дер)і | Түркі тілі, парсы тілі, моңғол тілі | ||||||
| Басқару формасы | Монархиялы империя | ||||||
| Тарихы | |||||||
| - | Орта ғасырлар | ||||||
Жалайыр сұлтандығы — Жалайыр әулеті Ирак пен батыс Иранда құрған патшалық болып, ол 1330 жылдары Моңғол билігі Иранда құлаған соң орнайды. Жалайыр сұлтандығы өз тұсында жаңадан күшейген Әмір Темір әулетінің шапқыншылығы мен Қара-Қоюнлу (Қара қойлылар) оғыздарының бүлігінен шайқалады. 1405 жылы Ақсақ Темір өлген соң Жалайырлар тағы да Оңтүстік Ирақ пен Хузестанда Сұлтанатты күшейтуге тырысады, бірақ 1432 жылы Жалайыр сұлтандығы Қара-Қоюнлулар жағынан жеңіледі.
Үкіметі
Жалайырлар әкімшілігі мен уәзірлігі Илхандық нұсқаны қолданды, әрі түркі, моңғол тілдерін парсы тілімен үйлестірді. Олардың дипломатиялық хат-хабарлары да Илхан мемлекетінің үлгісін қолданды, араб тіліндегі сөз тіркестері бар қызыл сияя төртбұрышты мөр қолданды.
Атақты Жалайыр өкілдері
- Мұхали (1170-1223) - "Джат" тармағынан - Шыңғыс ханның ең жақын серіктестерінің бірі, го-ван, әскердің сол қанатының қолбасшысы.
- Жошы-Дармала - Шыңғыс ханның әріптесі. Оның ұрпағы Хасан Бузург Жалайыр әулетінің негізін қалаушы болды.
- Бала Ноян - Хорезмшах Жалал ад-Динді қуып жетуге жіберген Шыңғыс ханның мыңбасы. Үндістанда соғысқан.
- Илюке, Қаданның ұлы - Огедейдің тәрбиешісі.
- Джат тармағындағы Мункасар-нойон - Мунке кезіндегі төрелердің ең үлкені (яргучи). Манчестің билікке көтерілуіне наразы болған Шыңғыс әулетінің бір бөлігіне қарсы сот ісін жүргізеді.
Әміршілері
| Атағы/Аты | Жеке есімі | Тақтағы уақыты |
|---|---|---|
| Таж-Уд-Дин (Taj-ud-Din) تاج الدین | Хасан Бұзұрг (Hasan Buzurg) | 1336–1356 |
| Мұиз-уд-Дұния уа ал-Дин (Mu'izz-ud-duniya wa al-Din) معزالدنیا والدین Бахадур хан (Bahadur Khan) بهادرخان | Шейх Ауайс Жалайыр (Shaikh Awais Jalayir) | 1356–1374 |
| Жалал-уд-Дин (Jalal-ud-Din) جلال الدین | Шейх Хасан Жалайыр (Shaikh Hasan Jalayir) | 1374 |
| Қияс-уд-Дин (Ghiyas-ud-Din) غیاث الدین | Шейх Құссайын Жалайыр (Shaikh Hussain Jalayir) | 1374–1382 |
| Шейх Баязид Жалайыр (Shaikh Bayazid Jalayir) Солтаниех (Soltaniyeh) қаласындағы Парсы Ирак билеушісі әрі таққа үміткер болған | 1382-1384 | |
| Сұлтан (Sultan) سلطان | Сұлтан Ахмед Жалайыр (Sultan Ahmed Jalayir) Бағдат билеушісі және таққа үміткер болған | 1382–1410 |
| Шах Уалад Жалайыр (Shah Walad Jalayir) Шах Али Жалайырдың (Shaikh Ali Jalayir) ұлы | 1410–1411 | |
| Сұлтан (Sultan) سلطان | Сұлтан Мұқамет Жалайыр (Sultan Muhammad Jalayir) Танду Қатұн (Tandu Khatun) ырқында | 1411 (1-ші билеу мезгілі) |
| Сұлтан (Sultan) سلطان | Сұлтан Ауайс Жалайыр (Sultan Awais Jalayir) | 1411-1421 |
| Сұлтан (Sultan) سلطان | Мұхаммед бин Шах Уалад Жалайыр (Muhammad bin Shah Walad Jalayir) | 1421 |
| Сұлтан (Sultan) سلطان | Сұлтан Мұқамет Жалайыр (Sultan Muhammad Jalayir) | 1421-1425 (2-ші билеу мезгілі) |
| Хұссайын бин Ала-Ұд-Даулаһ Жалайыр Hussain bin Ala-ud-Daulah Jalayir | 1425-1432 | |
Әулет ағашы
| Хұсейн Гүрхан | Арғұн (Arghun) қызы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Хасан Бұзұрг 1336–1356 | Ділшад Қатұн | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Шейх Увайс І 1356–1374 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Алишах | Хұсайын Жалайыр I 1374–1382 | Ахмад Жалайыр 1383–1410 | Хасан Жалайыр 1374 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Шах Валад 1410–1411 | Тандура Қатұн | Ал'а од-Доулех | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Махмұд 1411–1415 | Увайс II 1415–1421 | Мохамед 1421–1422 | Хұсайын II 1424–1432 | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
- Мұсылман әулеттері
- Иран тарихы
- Моңғол мемлекеттері
- Ирак тарихы
