Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мойзе Биоти Кин (итал. Moise Bioty Kean;, 28 ақпан 2000 ж., Верчелли, Италия) — италиялық футболшы, Эвертон клубы мен Италия ұлттық құрамасының шабуылшысы. Тегі

Мойзе Кен

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Мойзе Кен Футбол
сурет
Жалпы мағлұмат
Туған күні

28 ақпан 2000 (2000-02-28)(26 жас)

Туған жері

Верчелли, Италия

Азаматтығы

Италия Италия

Бойы

182

Салмағы

67

Позиция

шабуылшы

Клуб жайлы ақпарат
Клуб

Франция Пари Сен-Жермен

Номері

18

Жастар клубы
Италия Асти
2007—2010 Италия Торино
2010—2017 Италия Ювентус
Клуб карьерасы
2016—2019 Италия Ювентус 16 (9)
2017—2018 → Италия Эллас Верона 19 (4)
2019— Англия Эвертон 32 (2)
2020—2021 → Франция Пари Сен-Жермен 26 (13)
2021— → Италия Ювентус 17 (3)
Ұлттық құрамы
2018—  Италия 10 (4)
  1. Кәсіби клубтарда соққан голдары мен ойындары тек әртүрлі ұлттық лига чемпионаттарында ғана саналады.
  2. Ресми матчтарда ұлттық құрамда болған ойындары мен голдар саны.

Мойзе Биоти Кин (итал. Moise Bioty Kean;, 28 ақпан 2000 ж., Верчелли, Италия) — италиялық футболшы, Эвертон клубы мен Италия ұлттық құрамасының шабуылшысы. Тегі ивуарлық.

Балалық жағы

Мойзе Италияның Верчелли қаласында 2000 жылының 28 ақпанында туған. Нағыз отаны Ивуария болып келеді, бірақ та ата-анасы сол жақтан көшіп кеткен. Отбасыда ең кіші бала болған. Мойзенің ата-анасы ажырасады, сол үшін бала анасымен бірге өседі. Терінің қаралығы үшін Кинді бала кезінен расизмдік тұрғыдан сынайды. Бала үлкен психологиялық қиындықтардан өтіп, футболшы болу арманын ешқашан тастамай, Марио Баллотеллиді өзіне үлгі ретінде қояды.

Карьерасы

Клубтық мансабы

Мойзе "Ювентус" академиясының түлегі. 2016/17 жылғы маусымда негізгі құрамға ілінді. Ол 2000 жылдары дүниеге келген футболшылар арасында бірінші боп үздік бестік чемпионатта ойнады.

2017/18 жылғы маусымды "Веронада" арендада өткізді. 2018 жылы жазда "Ювентуске" қайта оралды. Бұл жазда клубқа Криштиану Роналду келді де, Гонсало Игуаин кетті. Енді Мойзе португалиялық шабуылшының ізбасары ретінде алаңға алаңға көп шыға алмады.

2019 жылы "Эвертонға" ауысты.

2020 жылы 4 қазанда "Пари Сен-Жерменге" жалға берілді.

2021 жылы жазда "Ювентуске" жалға берілді.

Құрамада

2018 жылының қарашасында Италияның бас бапкері Роберто Манчини ойыншыны құрамға тартады.Оның дебюті АҚШ-мен ойнында болады, ал наурызда Финляндия мен Лихтенштейн құрамаларына гол соғады.

2021 жылы УЕФА Ұлттар лигасының плей-офф кезеңінде ойнады.

Жетістіктері

Командалық

«Ювентус»
  • Италия чемпионы (2): 2016/17, 2018/19
  • Италия кубогы (1): 2016/17
  • Италия суперкубогы (1): 2018
«Пари Сен-Жермен»
  • Франция суперкубогы (1): 2020
Италия-19
  • Еуропа чемпионатының финалисі (1): 2018

Сілтемелер

Жоғары