Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жамбыл ауданы — Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Ұзынағаш ауылы.

Жамбыл ауданы (Алматы облысы)

  • Басты бет
  • Жамбыл ауданы (Алматы облысы)

Жамбыл ауданы — Алматы облысының оңтүстік-батысында орналасқан әкімшілік бірлік. Аудан 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы – Ұзынағаш ауылы.

Қазақстан ауданы
Жамбыл ауданы
Әкімшілігі
Облысы

Алматы облысы

Аудан орталығы

Ұзынағаш

Ауылдық округтер саны

24

Ауыл саны

61

Әкімі

Нұрлан Ертасұлы Ертас

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Ұзынағаш ауылы, Абай көшесі, №56

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°10′40″ с. е. 76°09′43″ ш. б. / 43.17778° с. е. 76.16194° ш. б. / 43.17778; 76.16194 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°10′40″ с. е. 76°09′43″ ш. б. / 43.17778° с. е. 76.16194° ш. б. / 43.17778; 76.16194 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1928

Жер аумағы

19,3 мың км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

168 019 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (86%), орыстар (6,38%), ұйғырлар (2,57%), түріктер (1,47%), әзербайжандар (0,73%), басқалары (2,85%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

040600-040632

Автомобиль коды

05

Жамбыл ауданының әкімдігі

Облыс картасындағы Жамбыл ауданы

 Басқа мағыналар үшін Жамбыл ауданы деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Аудан солтүстігінде Балқаш ауданымен, шығысында Іле, Қарасай аудандарымен, батысында Жамбыл облысының Мойынқұм, Шу, Қордай аудандарымен, оңтүстігінде Қырғызстанмен шектеседі.

Жер бедері

Аулан Іле Алатауы сілемдерінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан, оңтүстігін Іле Алатауының батыс, оңтүстік-батысын Шу-Іле тауларының шығыс сілемдері алып жатыр. Солтүстікке қарай аудан жері жазыққа ұласып, мұнда Бозой үстірті мен Қараой аңғары, одан әрі Аңырақай, Жусандала жазығымен, Тауқұм құмының Сарытауқұм, Қорғанқұм құмды алқаптарымен шектеледі. Кен байлықтарынан түсті металдар, әктас, құрылысқа жарамды тас, т.б. кездеседі.

Климаты

Климаты континенттік, оңтүтігінде қысы біршама жұмсақ және қысқа. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы оңтүстігінде –8°С, солтүстігінде –12°С, шілдеде оңттүстігінде 20°С, солттүстігінде 25°С. Тау етегінде жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 500 мм, солтүстігінде 200 – 300 мм шамасында. Таулардан Күрті өзенінің алабына кіретін бірнеше өзен бастау алады (Қарғалы, Ұзынағаш, Қарақастек, Қастек, Жаманты, Балажан, Ақтерек, Ырғайты, Ұзын Қарғалы, Шолақ Қарғалы, Ақсеңгір, Қарасу, Жиренайғыр, Самсы, Тарғап, Қопа). Бұлардың кейбірі жазда тартылып қалады. Өзендерінің егін суғару, шабындықты суландыру және электр қуатын өндіру үшін маңызы зор.

Топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Жері оңтүстіктен солтүстікке қарай шалғынды қара топырақты, қызғылт қоңыр, қоңыр, сұр, құмдақты сұр, сортаң топырақты келеді. Оны көбінесе бетеге, боз, жусан, изен, ебелек басым әр түрлі астық тұқымдас шөптесіндер көмкерген. Солт-ндегі құмды алқапта сексеуіл тоғайы, өзен аңғарларында бұталы тоғай шоғырлары кездеседі. Жабайы аңдардан арқар, таутеке, елік, ақ бөкен, қарақұйрық, қасқыр, түлкі, қоян, суыр, борсық; құстардан бүркіт, лашын, бөктергі, бөдене, сулы жерде тырна, дуадақ, қаз, үйрек мекендейді. Ауданның а. ш-на жарамды жерінің аумағы 1,7 млн. га (2008), оның ішінде жыртылған жерлері 131 мың га, шабындығы 12,8 мың га, жайылымы 1,6 млн. га. Ауданда Ұзынағаш, Шілбастау, Қопа т. ж. ст-лары бар. Аудан жері арқылы Алматы – Бішкек автомобиль жолы өтеді. Ж. а-нда 900-ге жуық тарихи-археол. ескерткіш мемлекет қарауына алынған.

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 29390 ▲51530 ▲72298 ▲82904 ▲94531 ▲105895 ▲117599 ▲163052

Аудан халқының саны 166 347 адам (2019), 30-дан астам ұлт өкілдері тұрады: оның ішінде: қазақтар (85,48%), орыстар (6,88%), түріктер (1,51%), ұйғырлар (2,59%), әзербайжандар (0,73%), күрдтер (0,23%), татарлар (0,42%), шешендер (0,24%), қырғыздар (0,25%), немістер (0,30%), корейлер (0,11%), өзбектер (0,30%), украиндар (0,05%), басқалары (0,91%).

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 61 елді мекен 24 ауылдық округке біріктірілген:

Халқының саны (2009, 2021)
Ауылдық округтері 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
Айдарлы ауылдық округі 1251 ▼855 68,3 623 ▼442 70,9 628 ▼413 65,8
Аққайнар ауылдық округі 2754 ▼2201 79,9 1348 ▼1077 79,9 1406 ▼1124 79,9
Ақсеңгір ауылдық округі 3381 ▲4632 137 1705 ▲2322 136,2 1676 ▲2310 137,8
Ақтерек ауылдық округі 3408 ▼2971 87,2 1723 ▼1545 89,7 1685 ▼1426 84,6
Беріктас ауылдық округі 2231 ▼1760 78,9 1103 ▼898 81,4 1128 ▼862 76,4
Бозой ауылдық округі 466 ▼448 96,1 245 ▼230 93,9 221 ▼218 98,6
Дегерес ауылдық округі 3574 ▼3285 91,9 1863 ▼1778 95,4 1711 ▼1507 88,1
Жамбыл ауылдық округі 4393 ▲4943 112,5 2229 ▲2470 110,8 2164 ▲2473 114,3
Қарақастек ауылдық округі 4175 ▲4318 103,4 2062 ▲2190 106,2 2113 ▲2128 100,7
Қарасу ауылдық округі 3967 ▲12616 318 1994 ▲6394 320,7 1973 ▲6222 315,4
Қарғалы ауылдық округі 20114 ▲30999 154,1 9739 ▲15365 157,8 10375 ▲15634 150,7
Мәтібұлақ ауылдық округі 4156 ▼3726 89,7 2089 ▼1935 92,6 2067 ▼1791 86,6
Мыңбаев ауылдық округі 3305 ▲5357 162,1 1649 ▲2660 161,3 1656 ▲2697 162,9
Самсы ауылдық округі 2980 ▲3302 110,8 1496 ▲1685 112,6 1484 ▲1617 109
Сарытауқұм ауылдық округі 340 ▼312 91,8 173 ▼161 93,1 167 ▼151 90,4
Талап ауылдық округі 2627 ▼2434 92,7 1302 ▼1232 94,6 1325 ▼1202 90,7
Таран ауылдық округі 2078 ▲2656 127,8 1035 ▲1331 128,6 1043 ▲1325 127
Теміржол ауылдық округі 4722 ▲5100 108 2376 ▲2620 110,3 2346 ▲2480 105,7
Ұзынағаш ауылдық округі 33121 ▲54065 163,2 16231 ▲27154 167,3 16890 ▲26911 159,3
Үлгілі ауылдық округі 1367 ▼982 71,8 715 ▼526 73,6 652 ▼456 69,9
Үлкен ауылдық округі 1682 ▼1502 89,3 813 ▼730 89,8 869 ▼772 88,8
Үңгіртас ауылдық округі 3826 ▲3831 100,1 1927 ▲2024 105 1899 ▼1807 95,2
Шиен ауылдық округі 2140 ▲2399 112,1 1067 ▲1204 112,8 1073 ▲1195 111,4
Шолаққарғалы ауылдық округі 5541 ▲8358 150,8 2739 ▲4111 150,1 2802 ▲4247 151,6
ЖАЛПЫ САНЫ 117599 ▲163052 138,7 58246 ▲82084 140,9 59353 ▲80968 136,4
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 27, 2026

    Карта

  • Наурыз 12, 2026

    Дауысты дыбыстар

  • Наурыз 11, 2026

    Орталық Азия

  • Сәуір 07, 2026

    Ресей-Украина соғысы

  • Наурыз 27, 2026

    Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары