Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жаппарберді хан (туған жылы белгісіз – 1417 жыл) — Ақ Орда ханы (1416), Тоқтамыс ханның 6-баласы. Жаппарберді Жошы ұлысындағы үш саяси топ — Мәскеу, Литва князь

Жаппарберді хан

  • Басты бет
  • Жаппарберді хан

Жаппарберді хан (туған жылы белгісіз – 1417 жыл) — Ақ Орда ханы (1416), Тоқтамыс ханның 6-баласы. Жаппарберді Жошы ұлысындағы үш саяси топ — Мәскеу, Литва князьдігі және Едіге биді жақтаушылар арасындағы билік үшін таласта Литва князі Витовтаның әскери, саяси қолдауына арқа сүйеді. 1413 жылы Витовтаның көмегіне сүйенген Жаппарберді мен Бетсабул (Бақтыбек болуы мүмкін) әскері Келімберді ханмен шайқаста жеңіліске ұшырап, Бетсабул қаза табады да, Жаппарберді қалған әскерімен Литваға оралады. 1416 жылы Витовтаның әскерімен Ордаға келген Жаппарберді Едіге хан етіп сайлаған Шыңғыс Шөкре оғланды өлтіріп, оның орнына өзі хан болады. Көп ұзамай Дервиш ханның ықпалымен Еділ бойынан қуылады. Жаппарберді Қырымға кетіп, Каффаны паналайды. Едігенің әскері Каффаны қоршауға алады, Жаппарберді Литваға қашып бара жатқан жолда өзінің серіктерінің қолынан қаза табады.

Жаппарберді хан
Лауазымы
Алтын Орданың ханы
1416 — 1417
Ізашары Шөкре хан
Ізбасары Дервиш хан
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі белгісіз
Қайтыс болуы 1417 (1417)
Династия Тоқа Темір
Әкесі Тоқтамыс хан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Тағы қараңыз

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Жаһанша Досмұхамедов

  • Сәуір 21, 2026

    Амин қышқылдары

  • Сәуір 04, 2026

    Әбілхайыр Ордасы

  • Сәуір 20, 2026

    Чукот түбегі

  • Сәуір 20, 2026

    Аршак әулеті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары