Жақау Дәуренбеков (21. 10.1946 жылы туған, Арал ауданы, Сарбасат ауылы) – жазушы, журналист.
- ҚР Баспасөз және полиграф ісінің қайраткері (2005). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) журналистика факультетін бітірген (1971).
- Алғашқы «Бөгенауыл балалары» атты кітабы 1970 жылы жарық көрген.
- 1971 – 1980 жылдары жастар газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі,
- 1980 – 1993 жылдары «Өнер» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары,
- 1994 жылдан «Ана тілі» баспасының директоры.
Шығармалары
Дәуренбековтің «28 комсомол билеті» (1978), «Күн ұясы» (1984), «Ауылым – алтын бесігім» (1985), «Бір нәзік сәуле» (1989), «Айтыңыз құтты болсын» (1993), «Менің елім – Қазақстан» (2001) атты кітаптары жарық көрген. Жазушының «Күн ұясы», «Саяқ» повестері «Жалын» журналының жастар мен балаларға арналған сыйлығына ие болды. «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.
Жетістіктері
- Қазақстан жазушылар одағы басқармасының хатшысы болған (2002-2007 жж.).
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, «Баспасөз үздігі» белгісімен марапатталған.
- Бірнеше дүркін Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
Діни көзқарасы
Діни көзқарасы - мұсылман.
Хоббиі
Хоббиі - сурет салу.
Сүйіп оқитын әдебиеті
Сүйіп оқитын әдебиеті - мемуарлар.
Отбасы
Үйленген. Жұбайы - Рақымбекова Шұға, мұғалім. Ұлы -Дәуренбеков Бабыр (1973 жылы туған ); қыздары – Дәуренбекова Жанар (1975 жылы туған ), Дәуренбекова Жұлдыз (1979 жылы туған ).
- Қызылорда облысында туғандар
- Қазақстан жазушылары
- Арал ауданында туғандар
- 1946 жылы туғандар
- Қазақстан журналистері