Жеке меншік — жерге, жылжымайтын мүлікке, өндіріс құрал-жабдығына, ақшаға, бағалы қағаздарға, жұмыс күшіне, т.б. активтерге меншіктің негізгі нысандарының бірі; жеке адамның, фирмалардың оларды сатып алу, иелену, бақылау, мұраға қалдыру құқығы.
Мұнда меншік объектілері жеке адамға, отбасыларына, адамдар тобына тиесілі болады. Корпоративтік, акционерлік, беймемлекеттік меншіктерді де жеке меншікке жатқызу дәстүрге айналған.
Санаттар:
- Экономикалық терминдер
- Меншік
- Меншік түрлері
- Жеке құқық