Желі топологиясы (ағылш. network topology) — есептеу желісіндегі машиналардың физикалық конфигурациясы, яғни қандай түйіндер жұбы өзара байланыса алатынын көрсететін физикалық жалғастыруды (немесе түйіндер арасындағы логикалық байланысты) бейнелеу; желілер жолдары мен тораптарын, олардың жол үзындығы, тораптар қуаты төрізді сипаттамаларын ескермей, жалғастыру қүрылымын зерттейтін қолданбалы ғылым.
Топология түрлері

- "Бұтақтар " төрізді топология (Топология типа "дерево"; tree topology) — тораптары бұтақтар тәрізді тармақты құрьілымда орналасқан желі топологиясы.
- Желі топологиясы (Топология сети; net-work topology) — территориялық, әкімшілік жөне ұйымдастырушылық факторларды ескере отырып, тораптардың нақты орналасулары мен жалғастыруларын көрсететін желінің жалпы схемасы.
- Жұлдыз" тәрізді топология (Топология типа "звезда"; star topology) — барлық тораптары орталық бір тораппен жалғасқан желі топологиясы.
- "Сақина " тәрізді топология (Топология типа "кольцо"; ring topology) — әр торап басқа екі тораппен қосылған және барлық тораптар бірге сақина құрайтын желі топологиясы.
- "Шина" тәрізді топология (Топология типа "шина"; bus topology) — барлық тораптары жалпы бір сызықтық ақпараттық арнаға қосылған компьютер желісінің архитектурасы.
Санаттар:
- Ақпараттану
- Компьютерлік техника