| Ауыл | |
| Жеміс-жидек | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Жамбыл |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 42°50′49″ с. е. 73°10′22″ ш. б. / 42.84694° с. е. 73.17278° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°50′49″ с. е. 73°10′22″ ш. б. / 42.84694° с. е. 73.17278° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1957 |
| Алғашқы дерек | 1929 |
| Бұрынғы атаулары | Пұшық төре, Плодовоягодное |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲2463 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Телефон коды | +7 72632 |
| Автомобиль коды | 08 |
Жеміс-жидек шекарасы | |
Жеміс-жидек (2023 жылға дейін — Плодовоягодное) — Жамбыл облысы Меркі ауданы, Жамбыл ауылдық округі құрамындағы ауыл.
Географиялық орны
Аудан орталығы - Меркі ауылының оңтүстік-батыс іргесінде. Ауылда орта мектеп, кітапхана, фельдшерлік пункт бар.
Халқы
| 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1918 | ▲2463 | 128,4 | 933 | ▲1197 | 128,3 | 985 | ▲1266 | 128,5 |
Тарихы
Ауылды колхоздастырған 1929 жылдан бұрын бұл жерді Обров деген орыс жеміс-жидек отырғызған екен. Кеңсірік-мұрын ауруына шалдыққан Обров мұрнын үнемі ақ шүберекпен көлденең таңып жүретіндіктен, әрі қазақ тілін еркін сөйлей білетіндіктен жергілікті қазақтар оны "Пұшық төре" деп атап кеткен екен. Оның екі жерде: өзі қоныстанған жерде және Талдыбұлақ деген жерде жеміс-жидек бақтары болыпты. Оларды ел "Обровтың шарбағы" деп атаған.
Жеміс-жидек ауылы 1937 жылы Меркі ауданының көкөніспен айналысатын питомнигі болып құрылған. 1957 жылы Меркі аудандық мемлекеттік питомник кеңшары болып қайта құрылды. 1957 жылдан бастап көшет отырғызумен айналысып, кейіннен бау-бақша, жеміс-жидек, көкөніс өсірумен бірге, будандастырылған әртүрлі жеміс-жидек көшеттерін отырғызып өсіруде.
Ауыл 1959 — 97 ж. жеміс-жидек өсіретін кеңшардың бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Плодовоягодноеде 1997 жылдан шаруа қожалықтары жұмыс істейді. Ауылда орта мектеп, клуб, фельдшерлік-акушерлік пункт, т.б. мекемелер бар.
- Алфавит бойынша елді мекендер
- 1957 жылы құрылған елді мекендер
- Меркі ауданы елді мекендері


