Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Жітіқара ауданы — Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы — 7 311,99 км². Орталығы — Жітіқара қаласы.

Жітіқара ауданы

  • Басты бет
  • Жітіқара ауданы

Жітіқара ауданы — Қостанай облысының батыс бөлігіндегі әкімшілік бөлік. Жерінің аумағы — 7 311,99 км². Орталығы — Жітіқара қаласы.

Қазақстан ауданы
Жітіқара ауданы
Елтаңбасы
Елтаңбасы
Әкімшілігі
Облысы

Қостанай облысы

Аудан орталығы

 Жітіқара

Ауылдық округтер саны

10

Қалалық әкімдіктер саны

1

Ауыл саны

17

Қала саны

1

Әкімі

Аслан Амантайұлы Жаныспаев

Аудан әкімдігінің мекенжайы

Жітіқара қаласы, 6-шағын аудан, №65

Тарихы мен географиясы
Координаттары

52°13′48″ с. е. 61°07′48″ ш. б. / 52.23000° с. е. 61.13000° ш. б. / 52.23000; 61.13000 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°13′48″ с. е. 61°07′48″ ш. б. / 52.23000° с. е. 61.13000° ш. б. / 52.23000; 61.13000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

17 қаңтар 1928 жыл

Жер аумағы

7311,99 км²

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

42 611 адам (2023)

Ұлттық құрамы

қазақтар (44,87%)
орыстар (37,86%)
украиндар (7%)
немістер (3,46%)
татарлар (2,26%)
белорустар (1,46%)
башқұрттар (0,69%)
басқалары (2,4%)

Сандық идентификаторлары
Пошта индексі

110702-110718

Автомобиль коды

10

Жітіқара ауданының әкімдігі

Қазақстан картасындағы Жітіқара ауданы

Мазмұны

Географиялық орны

Солтүстігінде Денисов, шығысында Қамысты аудандарымен, батысында Ресей Федерациясымен шектеседі.

Жер бедері

 

Ауданның аумағы шығысқа қарай еңіс келеді. Орал сырты үстіртінің орта бөлігін алып жатыр. Оның ең биік жері — ауданның оңттүстік-батыс жағындағы Жітіқара тауы (414 м). Кен байлықтарынан асбест, каолин сазы, құрылысқа жарамды тас, құм, әктас т.б. кездеседі.

Климаты, өсімдігі мен жануарлар дүниесі

Климаты шұғыл континенттік, қаңтардың орташа ауа температурасы — 17°С, шілдеде 20°С шамасында. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығыстан батысқа қарай 250 мм-ден 350 мм-ге дейін өзгереді. Жер беті сулары ауданның оңтүстік және шығыс шекараларымен ағып өтетін Тобыл өзенінен, оның сол салалары — Бозбие, Ақтастысай, Шортанды, Желқуар өзендерінен және Тобылдың бойында орналасқан кішігірім көлдерден тұрады. Топырағы қара, қызыл қоңыр карбонатты, оларда, көбінесе, бетеге мен жусан, селеу, өзен бойларында шалғынды шөптер басым өседі. Жабайы жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, тышқандардың бірнеше түрі, құстардан кезқұйрық, бозторғай, бөдене, сары және ақ шымшық, қызғыш, қарға мен сауысқан мекендейді, өзен-көлдерде: қаз, үйрек, қасқалдақ, шағала кездеседі, аздап балық ауланады.

Жітіқара ауданы ауа райы
Көрсеткіш Қаң Ақп Нау Сәу Мам Мау Шіл Там Қыр Қаз Қар Жел
Орташа температура, °C −14,7 −14,5 −7,7 5,2 13,8 19,7 20,8 19,0 12,5 4,6 −5,4 −12,2
Жауын-шашын нормасы, мм 15 15 17 21 39 36 47 34 20 25 20 19
Дерекнама:

Халқы

1939 1959 1970 1979 1989 1999 2009 2021
 25508 ▲31652 ▼28252 ▼25067 ▲25917 ▲56497 ▼50441 ▼46991

Тұрғындар саны – 47 661 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар – 44,76%, орыстар – 37,69%, украиндар – 7,42%, немістер – 3,39%, татарлар – 2,23%, беларустар – 1,55%, башқұрттар – 0,68%, молдовандар – 0,33%, корейлер – 0,25%, әзербайжандар – 0,24%, басқа ұлт өкілдері – 1,47%.

Әкімшілік бөлінісі

18 елді мекен 2 ауылдық, 1 қалалық әкімдік пен 8 ауылдық округке біріктірілген:

Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021)
Большевик ауылдық округі Тургеновка ауылы 5 ▼664
Жітіқара қалалық әкімдігі Жітіқара қаласы 1 ▲34880
Забелов ауылдық округі Забеловка ауылы 1 ▼1326
Милютин ауылдық округі Милютинка ауылы 1 ▼710
Мүктікөл ауылдық округі Мүктікөл ауылы 2 ▼470
Пригородный ауылдық әкімдігі Пригородное ауылы 1 ▼1467
Приречный ауылдық округі Приречное ауылы 1 ▼362
Степной ауылдық округі Степное ауылы 2 ▼698
Тоқтаров ауылдық округі Тоқтаров ауылы 2 ▼826
Чайковский ауылдық әкімдігі Чайковское ауылы 1 ▼640
Ырсай ауылдық округі Ырсай ауылы 1 ▼389

Ірі елді мекендері

Елді мекен Халқы
(2021)
Жітіқара ▲ 34880
Пригородное ▼ 1467
Забеловка ▼ 1326
Тоқтаров ▼ 737
Милютинка ▼ 710
Чайковское ▼ 640

Кәсіпорындары мен шаруашылығы

Өнеркәсібі “Костанайасбест” акционерлік қоғамы, мемлекеттік “Жітіқара жылу энергетикалық компаниясы” қазыналық кәсіпорны, “Булудов” жекеменшік кәсіпорны, одан басқа нан, сүт зауыттары, т.б. кәсіпорындардан тұрады. Жітіқара аданының ауыл шаруашылығына пайдаланатын жері 440,5 мың га, оның ішінде жыртылған жері 259,2 мың га, шабындығы 1,3 мың га, жайылымы 180,0 мың га (2000). 1996 жылға дейін 10 астық, 2 қой, 1 көкөніс-сүт кеңшары және Львов тәжірибе станциясы болды. Қазір олардың негізінде ауданда 340-тан астам шаруа (фермер) қожалықтары мен 18 серіктестік құрылды.

Инфрақұрылымы

Ауданда 30 мектеп, 1 мәдениет үйі, 2 кітапхана, 1 аудандық аурухана, 18 фельдшерлік-акушерлік, 6 дәрігерлік-амбулаторлық пункттер жұмыс істейді.

Экономикалық-әлеуметтік байланыстары Қостанай — Жітіқара темір жолымен және Қостанай — Жітіқара, Жітіқара — Забеловка, Жітіқара — Волгоградское — Жалтыркөл автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Лексикалық мағына

  • Сәуір 02, 2026

    Сұрақ белгісі

  • Наурыз 29, 2026

    Азаматтық құқық

  • Сәуір 06, 2026

    Жақып Ақбаев

  • Наурыз 11, 2026

    Азия

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары