| Жіңішке пайыз | ||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Ғылыми топтастыруы | ||||||||||||||
| ||||||||||||||
| Екі-есімді атауы | ||||||||||||||
| Stubendorffia gracilis (Pavlov) Botsch. & Vved. | ||||||||||||||
| Синонимдері | ||||||||||||||
| Stroganowia gracilis Pavlov |
Жіңішке пайыз (лат. Stubendorffia gracilis) – орамжапырақ тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанда Қаратау, Шу-Іле тауларының тасты, тастақты беткейлерінде кездеседі. Биіктігі 30 см-дей жалаң өсімдік. Сабағы бұтақтанған, қырлы. Жапырақтары тұтас; тамыр түбіндегілері кең сағақты; сабақ бойындағылары ұзынша сопақша; ең жоғарғылары қандауыр тәрізді. Гүлдері ақ түсті. Тұқымынан көбейеді. Мамыр айында гүлдеп, маусымда жемістенеді. Жемісі – эллипс тәрізді бұршаққынша (ұзындығы 7 мм-дей). Жіңішке пайыз өте сирек кездесетін реликт және эндемик түр, сондықтан қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.
- Қазақстанның Қызыл кітабына енген өсімдіктер
- Орамжапырақтар