Жәкен Байтуов (28.04.1891 жылы туған, Қарағанды облысы Шет ауданы Шаруатеңеу ауылы - 19.02.1962, сонда) - халық ақыны. Арғын тайпасы, Қаракесек руының Қояншытағай бұтағынан шыққан. Ауыл молдасынан оқып, хат таныған. Маясар, Болман, Тұңғышбай, Жалқыбай ақындармен айтысқа түскен. Жәкен "Қойшы мен қасқырдың", "Ақ қой мен қара қойдың" айтыстары, "Наршөккен", "Бірінші майға" өлеңдері, "Саржан-Бодық", "Бөрі батыр", "Көк жайдақ", т.б. дастандары бар. "Сал-сал", "Абылай", "Наурызбай" дастандарын жатқа айтып, ел ішіне таратқан.
Санат:
- Қазақстан әдебиеті