| Зеренді таулары | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | |
| Пайда болған кезеңі | |
| Ұзындығы | 28 км |
| Ені | 18-20 км |
| Биіктігі | 587 м |
| Орналасуы | |
| 52°53′36″ с. е. 69°04′39″ ш. б. / 52.89333° с. е. 69.07750° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 52°53′36″ с. е. 69°04′39″ ш. б. / 52.89333° с. е. 69.07750° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
| | |
Зеренді таулары – Көкшетау қыратының орталық бөлігіндегі орманды-таулы алқап.
Географиялық орны
Ақмола облысы Зеренді ауданында орналасқан. Батыстан шығысқа, солтүстік-шығысқа қарай 28 км-ге созылған, енді жері 18 – 20 км. Батысында Жыланды тауына ұласады. Абсолюттік биіктігі 587 м.
Геологиялық құрылымы
Жер қыртысы палеозойға дейінгі гнейс, мәрмәр және кристалды тақтатастан, сондай-ақ девон және тас көмір кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген.
Өсімдігі
Зеренді тауларын шоқ қарағайлы-қайыңды ормандар көмкеріп жатыр. Тау төңірегінде тұщы көлдер бар.
- Алфавит бойынша тау сілемдері
- Зеренді ауданы таулары

