Зонд аралдары (зунд немесе сунд – Ява аралының батысындағы тайпаның атауы) — Малайя (Индонезия) топаралының негізгі бөлігі саналатын бір топ аралдар. Үлкен Зонд аралдары (Суматра, Ява, Калимантан, Целебес) мен Кіші Зонд аралдарына (ірілері Бали аралы, Ломбок, Сумбава, Сумба, Флорес, Тимор) бөлінеді. Соңғысына кейде Тимор мен Жаңа Гвинея арасындағы бір топ аралдарды да кіргізеді.
| Зонд аралдары индон. Kepulauan Sunda, Үлгі:Lang-su | |
![]() | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Аралдар саны | 3000 аса |
| Ірі аралы | Калимантан |
| Жалпы ауданы | 1 700 000 км² |
| Ең биік нүктесі | 4095 м |
| Тұрғындар (2010 жыл) | 244 900 000 адам |
| Халық тығыздығы | 144,059 адам/км² |
| Орналасуы | |
| 2° о. е. 110° ш. б. / 2° о. е. 110° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 2° о. е. 110° ш. б. / 2° о. е. 110° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Акватория | Үнді мұхиты |
| Елдер | |
Ауданы – 1,4 млн. км2-ге жуық. Жер бедері, негізінен, таулы келген. Жанартаулық процестер дамыған. Аралдардың өн бойында ылғалды тропиктік орман, оңтүстік аралдарда муссондық ормандар қалыптасқан. Зонд аралдарында Индонезия, Малайзия, Бруней, Шығыс Тимор елдері орналасқан.
