| Мұсылман ғалымдары |
|---|
| Бұл мақала келесі тізімдеменің бір бөлігі: |
| Ғалым сахабалар |
| Табиғиндер |
| Мазһабтардың негізін салушылар |
| Муфассирлер |
| Тарих ғалымдары |
| Басқа мұсылман ғалымдар |
| |

Муслим ибн әл-Хәджадж, көбірек қолданылатыны - Муслим (араб.: أبو الحسين مسلم بن الحجاج القشيري النيشابوري), (202 немесе Һиджра бойынша 206—261, Григориан күнтізбесі бойынша 821 — 875) — біртуар Ислам қайраткері, ең танымал хадистер жиынтығының авторы — Сахих Муслим. Толық аты — Муслим ибн әл-Хәджадж ибн Муслим әл-Қураши ән-Найсабури.
Өмірбаяны
Муслим ибн әл-Хәджадж Нишапур атаулы парсы қаласында туған. Алғашқы білімін жергілікті дін ғалымдарынан алған. Муслимнің әкесі Хәджадж - хадистер жинаушы болған. Оның арқасында, Муслим жас кезінен хадис үйрене бастаған. Кейіннен, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ һадистерін жинау үшін, ол Таяу Шығыс елдеріне аттанады — Ирак (Бағдатқа кіреді), Мысыр, Хиджаз. Муслимнің мұғалімдерінің арасында, әл-Бұхари, Абдуллаһ ибн Масләмә әл-Канаби, Хармала ибн Йахйа, Ахмад ибн Юнус секілді керемет ғалымдар болған. Ол да мухаддис болған. Одан хадис үйренгендер - Әбу Ауана Яқуб ибн Исхақ әл-Асфараини, Әт-Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал.
Муслим еңбектері
- «әл-Муснад ас-Сахих»
- «ат-Табақат»
- «аль-Асма уәл-Куна»
- «ат-Тамйиз»
- «әл-Мунфаридат әл-Уихдан»
- «Суаләт әл-имам Ахмад»
- «Аухам әл-мухаддисин»
- «Аулад әс-сахаба»
- «Афрад әш-шамиин»
- «аль-Ақран»
- «Машаих Малик»
- «Машаих Шуғба».
- «Машаих әс-Сәури»
- «аль-Мухадрамин»
- «аль-Интифа би унуб әс-сиба»
Қызықты мәліметтер
- Муслимнің оқушыларына көптеген хадис үйретуіне орай оның бір оқушысы күмәні жоқ (сахих) хадистерді жеке бір кітапқа топтастырып жазғанын сұраған екен, сол себептен Муслим «аль-Муснаду-с-сахих» атты кітабына сахих хадистерді жинап топтап жинайды..
- 817 жылы туғандар
- 821 жылы туғандар
- Нишапурде туғандар
- 6 мамырда қайтыс болғандар
- 875 жылы қайтыс болғандар
- Нишапурде қайтыс болғандар
- Ислам дінтанушылары
- Хадистер жинағының авторлары
- Фақихтер
- Ислам тарихшылары