Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Исаак Ньютон (25 желтоқсан 1642 жыл — 20 наурыз 1727 жыл юлиан күнтізбесі бойынша, Англияда 1752 жылға дейін қолданылған, 4 қантар 1643 жыл — 31 наурыз 1727 жыл

Исаак Ньютон

  • Басты бет
  • Исаак Ньютон

Исаак Ньютон (25 желтоқсан 1642 жыл — 20 наурыз 1727 жыл юлиан күнтізбесі бойынша, Англияда 1752 жылға дейін қолданылған, 4 қантар 1643 жыл — 31 наурыз 1727 жыл григориан күнтізбесі бойынша) — ағылшын физигі, математигі, астрономы, табиғи философы, алхимигі және теологы, Корольдік қоғамның мүшесі.

Исаак Ньютон
ағылш. Sir Isaac Newton
Туған күні

25 желтоқсан 1642 жыл

Туған жері

Вулсторптағы Колстерворт, Линкольншир

Қайтыс болған күні

1727 ж. наурыздың 20 (84 жаста)

Қайтыс болған жері

Кенсингтон, Лондон

Азаматтығы

Англия

Ғылыми аясы

физика, математика, астрономия, табиғи философия, алхимия, теология

Жұмыс орны

Кембридж университеті
Корольдік қоғам

Альма-матер

Тринити колледж

Ғылыми жетекші

Исаак Барроу
Бенжамин Пуллейн

Атақты шәкірттері

Роджер Коутс
Уиллиам Уистон
Джон Уиккинс
Хамфри Ньютон

Несімен белгілі

Ньютон механикасы
Бүкіл әлемдік тартылыс заңы
жарықты талдау

Қолтаңбасы

Қолтаңбасы

Шығармасы Уикиқайнарда.

Оның 1687 жылы жарық көрген Табиғи философияның математикалық бастамалары (латынша: «Philosophiæ Naturalis Principia Mathematica») деген кітабы ғылым тарихындағы ең ықпалды шығарма болып саналады. Осы еңбегінде Ньютон бүкіл әлемдік тартылыс заңын және қозғалыс заңдарын тұжырымдап, содан кейінгі үш ғасырда үстемдік еткен және қазіргі заманғы инженерлік ғылымның негізі болып табылатын классикалық механиканың негізінін қалаушысы. Ньютон өзінің тартылыс заңы мен Кеплердің ғаламшарлар қозғалысының заңдарының арасындағы сәйкестікті дәлелдеп, жер бетіндегі заттардың қозғалысы мен аспан денелерінің қозғалысы бірдей заңдарға бағынатынын көрсетті. Осылайша ол гелиоцентризм туралы соңғы күмәнды сейілтіп, ғылыми революцияның басын бастап берді.

Механикада Ньютон импульстің және бұрыштық импульстің сақталу заңын алға тартты. Оптикаға қосқан үлесі: ол рефлекторлы телескоп жасап шығарып, үшбұрышты призманың жарықты көзге көрінетін жеті түске бөлетінін ашты. Ол Ньютонның суу заңын тұжырымдап, дыбыс жылдамдығын зерттеді.

Табиғат философиясының математикалық қағидалары, Ньютонның өзі ұстаған кітабы

Математикада Ньютон Готтфрид Лейбницпен қатар дифференциалдық және интегралдық санақты ойлап шығарды. Сонымен қатар ол биномдық теореманы көрсетіп, функцияның нөлін шамалауға қолданылатын Ньютон әдісін тапты. Дәрежелік қатарларды зерттеуге де үлес қосты.

Ньютонның дінге деген қызығушылығы да зор болды, оның діни еңбектері көлемі жағынан ғылымға қосқан үлесінен үлкен.

Денелердің Орталық күш әсерінен қозғалу траекториясы конустық қима болатынын, оған себеп барлық планеталар мен кометалардың Күнге, ал планета серіктерінің өз планеталарына ара қашықтықтың квадратына кері пропорционал күшпен тартылуы екенін дәлелдеп, бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдады. Физикада Ньютон қызған денелердің суыну заңын, ақ жарықтың монохромат сәулелерге жіктелуін, сфералық мөлдір денелердің түйіскен нүктесінің айналасында интерференц. сақиналардың пайда болатынын, т.б. ашты. Ол – термометрді ойлап шығарған алғашқы ғалымдардың бірі. Астрономияны телескоптық бақылау мен математикаға сүйенетін жаңа ғылыми сатыға көтерді. Өзі жасаған екі айналы телескоп арқылы (1668 жылғы) аспан құбылыстарын тікелей бақылады. Аспан денелерінің қозғалыс теориясын жасап, аспан механикасының негізін салды. Ньютонның астрономиялық еңбектері механика мен физикадағы табыстарына ұштасып жатады. Математикада дифференциалды және интегралдық есептеулерді (Готфрид Вильгельм Лейбницке тәуелсіз) ойлап тапты, шамалардың ең үлкен және ең кіші мәндерін табу, қисық сызыққа жанама жүргізу, қисық сызықтың ұзындығын, жазықтықтағы тұйық сызықтың қоршайтын ауданын табу, функцияларды қатарларға жіктеу, т.б. жаңалықтар ашты. Бұлар математикалық анализдің негізі болып табылады. Ньютонның ғыл. шығармаларының жинағы 5 том болып 1779 – 85 жылы Лондонда латын тілінде басылған.

2005 жылы өткізілген сауалнамаға сұралғандардың көпшілігі Ньютонның ғылым тарихына жасаған ықпалы Альберт Эйнштейндікінен әлдеқайда күшті болған деп ойлайтындарын айтқан.

Мазмұны

Кембридждағы өмірбаяны

  • 1664 жылы Кембридж университетінің бөлімшесі Тринити колледжін бітірді
  • 1665 жылы бакалавр дәрежесін алды
  • 1669 жылы Кембридж университетінің профессор және физика-математика кафедрасының меңгерушісі болды
  • 1672 жылы 1 қаңтарда Лондон Корольдік қоғамының мүшесі болып сайланды (1703 жылдан өмірінің соңына дейін президенті болды)

Шығармашылығы

  • 1687 жылы «Табиғат философиясының математикалық қағидалары»
  • 1704 жылы «Оптика»
  • 1672 жылы «Жарық пен түстің жаңа теориялары»
  • 1684 жылы «Дененің орбитадағы қозғалысы»
  • 1707 жылы «Әмбебап арифметика»
  • 1728 жылы «Әлем жүйесі»

Ньютонның құрметіне аталған:

  • Физикалқ бірлік (ХБЖ)
  • Айдағы кратер және Марстағы кратер
  • Исаак Ньютон медалі - бұл физика саласындағы халықаралық марапат, 2008 жылдан бастап Британ физика институты жыл сайын береді.
  • Әр түрлі ғылыми заңдар, теоремалар мен тұжырымдамалар үшін Исаак Ньютон атындағы объектілер тізімі.

Тағы қараңыз

  • Ньютон (өлшем бірлік)
  • Ньютон сақинасы
  • Ньютон фракталы
  • Ньютон биномы
  • Ньютон көпбұрышы
  • Ньютон көпмүшесі
  • (8000) Исаак Ньютон
  • Ньютон теңсіздіктері
  • Гаусс-Ньютон алгоритмі
  • Ньютон-Коутс формулалары
  • Ньютон-Эйлер теңдеулері
  • Шредингер-Ньютон теңдеулері
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 22, 2026

    Күш

  • Наурыз 15, 2026

    Қозы Көрпеш – Баян Сұлу

  • Сәуір 04, 2026

    Қарасу ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Жазғы уақыт

  • Сәуір 04, 2026

    Экономикалық дағдарыс

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары