Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

[[Құйылған қорғасын операциясы]]"},"Қолтаңбасы":{"wt":""},"Сайты":{"wt":""},"Commons":{"wt":"Yoav Gallant"},"Марапаттары":{"wt":""}},"i":0}}]}'>

Йоав Галант

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Йоав Галант
ивр. יוֹאָב גָּלַנְטְ‎
Йоав Галант
Ресми портреті, 2023 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Израиль Қорғаныс министрі
Ту
Ту
29 желтоқсан 2022  5 қараша 2024
Ізашары Бени Ганц
Ізбасары Исраэль Кац
Өмірбаяны
Партиясы Ликуд
Білімі Хайфа университеті
Дүниеге келуі 8 қараша 1958 (1958-11-08)(67 жас)
Яффа, Тель-Авив, Израиль
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары 1977–1982, 1984–2012
Құрамында болды  Израиль
Әскер түрі Израиль Әскери-теңіз күштері
Атағы генерал-майор
Шайқасы 2006 Екінші Ливан соғысы
Құйылған қорғасын операциясы
Йоав Галант Ортаққорда

Йоав Галант (ивр. יוֹאָב גָּלַנְטְ‎, 8 қараша 1958 жыл) — израильдік саясаткер, елдің бұрынғы қорғаныс министрі, Израиль қорғаныс армиясының Оңтүстік қолбасшылығын басқарған бұрынғы қолбасшы. 2015 жылғы қаңтарда саясатқа қадам басып, Кулану партиясына қосылды. Кнессетке сайланған соң құрылыс министрі қызметіне тағайындалды. 2018 жылдың соңында Ликуд партиясына қосылып, Израильдің алия және интеграция министрі, білім министрі, құрылыс министрі және қорғаныс министрі (желтоқсан 2022–қараша 2024) болды.

2024 жылғы 21 қарашада Гаагадағы Халықаралық қылмыстық сот Йоав Галант 2023 жылғы 8 қазаннан 2024 жылғы 20 мамырға дейін Газа секторында жасалған әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін күдіктелді де, оны қамауға алу туралы жарлық шықты.

Өмірбаяны

Йоав Галант Яффада поляк еврей иммигранттары отбасында дүниеге келген. Оның анасы Фрума, Польша тумасы, 1947 жылы «Экзодус» кемесіне мінген жолаушылардың бірі болды. Бұл кеме еврей босқындарын, Холокостты бастан өткергендерді, Палестинаға жеткізген еді.

2022 жылдың соңынан 2024 жылдың қарашасына дейін Израильдің қорғаныс министрі қызметін атқарды. 2023 жылғы 26 наурызда Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху оның сот реформасын сынағаны үшін Галантты министрліктен босату туралы шешім қабылдады.

2024 жылғы 5 қарашада Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Йоав Галантты қорғаныс министрі лауазымынан босатты, оның орнына Израиль Сыртқы істер министрі Исраэль Кацты тағайындалды.

Әскери қылмыстары

2024 жылғы 20 мамырда Халықаралық қылмыстық соттың прокуроры 2023 жылғы 7 қазаннан кейін Палестина аумағында (Газа секторында) адамзатқа қарсы қылмыстар жасағаны үшін Йоав Галант пен Беньямин Нетаньяхуға қарсы қамауға алу бұйрықтарын шығаруды талап етті.

2024 жылғы 21 қарашада Халықаралық қылмыстық соттың алдын ала сот ісін қарау палатасы (ағылш. ICC Pre-Trial Chamber I) Палестина мемлекетінде болған жағдайға қатысты Израиль мемлекетінің Рим статутының 18 және 19-баптарына сәйкес көтерген шағымын мойындамай, бір ауыздан екі шешім қабылдады. Сот Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мен бұрынғы қорғаныс министрі Йоав Галантқа қарсы қамауға алу бұйрығын шығарды.

Жоғары