Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

«Оскар» (2024 – екі мәрте)«Алтын глобус» (2014 – екі мәрте)«BAFTA» (2024 – екі мәрте)«Сатурн» (2006, 2009, 2011 – екі мәрте, 2015)

Кристофер Нолан

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кристофер Нолан
ағылш. Christopher Nolan
Сурет
Нолан, 2018 жыл
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Кристофер Джонатан Джеймс Нолан

Туған күні

30 шілде 1970 (1970-07-30)(56 жас)

Туған жері

Лондон, Ұлыбритания

Азаматтығы

 АҚШ
 Ұлыбритания

Мамандығы

режиссёр, кинооператор, кинопродюсер, сценарийші

Белсенді жылдары

1998 жылдан бері

Бағыты

триллер, атыс-шабыс, фантастика

Марапаттары

«Оскар» (2024 – екі мәрте)
«Алтын глобус» (2014 – екі мәрте)
«BAFTA» (2024 – екі мәрте)
«Сатурн» (2006, 2009, 2011 – екі мәрте, 2015)

IMDb

ID 0634240

Ортаққордағы Кристофер Нолан

Сэр Кристофер Нолан (ағылш. Sir Christopher Nolan) — Ұлыбританиядан шыққан америкалық кинорежиссер, сценарийші, продюсер, оператор, монтажшы. Толық аты-жөні — Сэр Кристофер Джонатан Джеймс Нолан.

Кристофер Нолан тарихтағы ең табысты режиссерлердің бірі, сонымен қатар өз заманының танымал және ықпалды кинематографшылардың бірі.

Бастау (кассалық түсімі $826 137 188), Қара сері (кассалық түсімі $1 005 457 263), Қара сері: Жандану (кассалық түсімі $1 081 141 420) фильмдері Ең табысты фильмдер тізіміне[[[Үлгі:Аударылмаған 3#Аударма пайда болғаннан кейінгі әрекеттер|үлгіні алып тастау]]] енген.

Өмірбаяны

Лондон қаласында туған. Әкесі ағылшын, анасы американ болған. Балалық шағын АҚШ-та және Англияда өткізді, 18 жасында екі азаматтығы бар адам атанды. Нолан — дальтоник. Ол қызыл және жасыл түстерін ажырата алмайды. Кристофер Ноланның киноға қызығушылығы 7 жасында Джордж Лукастың "Жұлдызды соғыстар" фильмін көргеннен кейін оянды. Осы кезден бастап қысқа ғылыми-фантастикалық картиналарға сценарий жаза бастайды.

Інісі Джонатан Нолан да кинода еңбек етеді, ол Кристофердің бірқатар картиналарына сценарийші ретінде атсалысты.

Фильмдер тізімі

  • 1998 Қудалау (орыс.) (ағылш. Following) - режиссер, сценарийші, продюсер, оператор, монтажшы
  • 2000 Есте сақта (орыс.) (ағылш. Memento) — режиссер, сценарийші
  • 2002 Ұйқысыздық (орыс.) (ағылш. Insomnia) - режиссер
  • 2005 Бэтмен: Бастама (ағылш. Batman Begins ) — режиссер, сценарийші
  • 2006 Абырой (орыс.) (ағылш. The Prestige) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2008 Қара сері (ағылш. The Dark Knight ) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2010 Бастау (ағылш. Inception) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2012 Қара сері: Жандану (орыс.) (ағылш. The Dark Knight Rises) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2013 Құрыш адам (ағылш. Man of Steel) — сценарийші, продюсер
  • 2014 Үстемділік (орыс.) (ағылш. Transcendence) — басты продюсер
  • 2014 Интерстеллар (ағылш. Interstellar) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2016 Бэтмен Суперменге қарсы: Әділет таңы (ағылш. Batman v Superman: Dawn of Justice) — басты продюсер
  • 2017 Дюнкерк (орыс.) (ағылш. Dunkirk) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2020 Қағида (орыс.) (ағылш. Tenet) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2023 Оппенгеймер (ағылш. Oppenheimer) — режиссер, сценарийші, продюсер
  • 2026 Одиссея (ағылш. The Odyssey) — режиссер, сценарийші, продюсер
Жоғары