Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Кіші Хинган — Қытайдың солтүстік-шығысы мен Ресейдің қиыр шығысындағы (Амур облысы және Хабаровск өлкесі) таулы массив. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа

Кіші Хинган

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
 Басқа мағыналар үшін Хинган деген бетті қараңыз.

Кіші Хинган — Қытайдың солтүстік-шығысы мен Ресейдің қиыр шығысындағы (Амур облысы және Хабаровск өлкесі) таулы массив. Тау солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 500 км-ге созылған. Абсолюттік биіктігі 1150 м. Гнейс, гранит, кристалды тақтатастан, базальттан түзілген. Төбесі жазық, беткейлері көлбеулеу, етегінде тас қорымдары кездеседі. Батыс, оңтүстік-батыс етегінде Удаляньчи жанартаулары тобы орналасқан . Оңтүстігінде жалпақ жапырақты, солтүстігінде шыршалы-қарағайлы орман және тайга қалыптасқан. Кіші Хинган тауларының солтүстік-шығысын, бойлай Амур өз. ағып жатыр. Тауларда Хинган (Ресей) және Фылинь (Қытай) қорықтары орналасқан.

Тағы қараңыз

Жоғары