Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Кәдімгі мыңжапырақ , ақбас жусан (лат. Achillea millefolium) – астралылар тұқымдасы, мыңжапырақ туысына жататын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Кәдімгі мыңжапырақ

  • Басты бет
  • Кәдімгі мыңжапырақ

Кәдімгі мыңжапырақ , ақбас жусан (лат. Achillea millefolium) – астралылар тұқымдасы, мыңжапырақ туысына жататын, көп жылдық шөп тектес өсімдік.

Кәдімгі мыңжапырақ

Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Өсімдіктер
Бөлімі: Гүлді өсімдіктер
Табы: Қос жарнақтылар
(unranked) Asterids
Сабы: Asterales
Тұқымдасы: Asteraceae
Кіші тұқымдасы: Asteroideae
Тайпасы: Anthemideae
Кіші тайпасы: Matricariinae
Тегі: Achillea
Түрі: A. millefolium
Екі-есімді атауы
Achillea millefolium
L.

Мазмұны

Ботаникалық сипаты

Гүлі
  • Биіктігі 70 см болатын сабағы біреу немесе бірнеше, қатты.
  • Тамыр сабағы көлбеу өседі, оның жоғарғы жағынан бір топ тамыр жапырақтары мен сабағы өсіп шығады.
  • Жапырағы көп ланцет тәрізді, 2-3 қауырсынды салаланған. Әр саласы бірнеше жүздеген сегменттерге бөлінеді, сол себептен „мыңжапырақ“ есімі берілген. Күрделі қылқанды, ұсақ себетті.
  • Сыртқы гүлдері 5 дара жынысты, күлгін, қызыл түсті. Ішкі гүлдері қосжынысты, түтік тәрізді, 5 аналық, 5 тікшелі.
  • Тозаңқабы — сары.
  • Жемісі ұсақ тұқымша, жәндіктермен тозаңданады. Тұқым төгілу арқылы таралады. Шілдеден күзге дейін гүлдейді.

Өсетін жері

Қазақстандағы 12 түрдің арасында кең таралған түрі, орманды дала мен далаларда және құрғақ шабындықтарда өседі.

Құрамы

Құрамында ахиллеин алкалоиді, эфир майлары, камфора, туйон және құмырсқа, сірке, валериан, аконит, аскорбин қышқылдары, С,К дәрумендері, фитоцидтер, спориттер бар.

Емдік қасиеті және қолданысы

Кәдімгі мыңжапырақтың қан тоқтататын, қабынуға, аллергияға қарсы әсер ететін, жарақаттардың жазылуын тездететін, қан тамырларын кеңейтетін, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттері бар. Осыған байланысты өсімдікті жатырдан, өкпеден, ішектен, мұрыннан, геморрой түйіндерінен қан кеткенде және асқазанға жара түскенде пайдаланады. Сонымен қатар дене сыртындағы жараларға да тұнбасын жағады және жапырақтарын таңып қояды. Халық медицинасында өт қалтасына тас байланғанда және бауыр ауруларын, бронхтың қабынуын, геморройды емдеу үшін қолданады.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Тіл (лингвистика)

  • Сәуір 04, 2026

    Дала уалаяты

  • Наурыз 11, 2026

    Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • Сәуір 08, 2026

    Людвиг Витгенштейн

  • Сәуір 09, 2026

    Атмосфералық ауа

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары