Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.

Ноғай ордасы

  • Басты бет
  • Ноғай ордасы

Ноғай ордасы (Маңғыт ұлысы) – Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсірегеннен кейін Батыс Қазақстан жеріне іргелес аймақта пайда болған мемлекеттік бірлестік.

 Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі
Сақтар
Үйсіндер
Қаңлылар
Ғұндар

Түркі дәуірі

Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Қарахан мемлекеті (942-1212)
Қарақытай мемлекеті (1128-1213)
Қыпшақ хандығы

Шыңғыс хан империясы

Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIII—XV ғғ.)
Көк Орда

Қазақ мемлекеттері

Әбілқайыр хандығы (1428—1468)
Қазақ хандығы (1465—1824)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)

Отарлық кезең

Бөкей Ордасы (1801—1872)

Қазақ Республикасы (1917-1991)

Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925—1936)
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1936—1991)

Қазақстан Республикасы

Қазақстан (1991—қазір)


к • т • ө

Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»

Мазмұны

Территориясы

Негізгі аумағы Еділ мен Жайық аралығы болғанымен, шығыста Жайықтың сол жағасына, солтүстік-шығыста Батыс Сібір ойпатына дейін, солтүстік-батыста Қазанға дейін, оңтүстік-батыста Арал, Каспий теңізіне дейін, кейде Маңғыстау мен Хорезмге дейінгі алқапты қамтыды. Ноғай ордасы алғашында осы бірлестіктің негізін қалаған маңғыттардың атымен “Маңғыт Ордасы” аталған.

Саяси тарихы

Ноғай ордасының құрылу алғышарттары

“Ноғай” атауы бұдан кейініректе, алғаш орыс жылнамаларында (1479), кейін шығыс деректерінде (1500) пайда болған. Бұл атаудың шығу тегі туралы көптеген зерттеушілер 13 ғ. 2-жартысында Алтын Орда әскерінің қолбасшысы Ноғай иелігіне қараған ұлыс халқы “ноғай”, “ноғайлы” аталғандықтан деп санайды. Тарихи жазба деректерге қарағанда Ноғай ордасының негізін Едіге қалаған. Ол 15 жыл (1396 – 1411) Алтын Ордадағы билікті түгелдей өз қолына ұстаған тұста иелігіндегі ноғай ұлысы даралана бастады. Қастилия елшісі Р.Г. Клавихоның жазбасында Едіге ордасы 200 мыңнан астам жасақ ұстағаны айтылады. Ол Алтын Орданы өзі қойған хандар арқылы басқарып, “бектер бегі” немесе “ұлы әмір” атағына ие болған. Ибн Арабшахтың айтуынша, оның жиырма баласының әрқайсысы жеке иеліктерде билік жүргізіп, әскер ұстаған. Ноғай ордасының даралануы 13 ғ. 2-жартысында басталып, Нұр әд-Диннің (1426 – 40) тұсында аяқталды. Орт. – Жайық өзенінің төменгі саласы, Сарайшық қ. болды. Алтын Орда ыдырағаннан кейін пайда болған өзге де ордалар сияқты Ноғай ордасында этникалық құрылымнан гөрі, саяси құрылым басым еді. Бас билікті “бектер бегі” әмір атқарды. Негізгі бұқарасы “ұлыс адамдары” (ноян, мырза, кінәз, т.б.), “қара халық” деп аталды. Хан тағы тек Шыңғыс хан әулетінің ғана үлесі болса да, Ноғай ордасының саяси үстемдігі, экономикалық тіршілігі маңғыт әмірлерінің, яғни Едіге ұрпағының қолында болып, билік атадан балаға көшіп отырды.

XV ғасыр

 
1549 жылы жарық көрген Сигизмунд фон Герберштейннің картасындағы Ноғай ордасы (Nagayski tartare)

15-ғасырдың орта шенінде ноғайлар Сырдарияның орта ағысындағы қалаларды басып алып, Шығыс Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде Едігенің ұрпақтары Уақас би, Мұса мырза, Жаңбыршы, т.б. басты рөл атқарды. Ұлыстар мен ру-тайпалар арасында билік үшін, жайылымдық жер үшін үздіксіз күрес жүрді. Халқының негізгі кәсібі көшпелі мал шаруашылығы болды. Ноғай ордасының құрамына енген тайпалар ( қоңырат,маңғыт, алшын, жалайыр, қаңлы, керей, қыпшақ, найман, арғын, тама, т.б.) кейіннен қазақ халқының этностық құрамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Ш.Уәлиханов Ноғай ордасы мен Қазақ хандығы халқының туыстығы туралы “бауырлас орда” деп атаған (Қазақ-ноғай қарым-қатынастары). 15 ғ. аяғында Ноғай орда орыс мемлекетімен саяси және сауда-экономикалық байланыстар орнатып, ноғай билеушілері Мәскеу мен Қазан базарларына жыл сайын мыңдаған жылқы мен қой өткізіп тұрды.

XVI-XVII ғасырлар

16 ғ. 2-жартысында Қазан мен Астрахан хандықтарын Ресей жаулап алғаннан кейін Ноғай ордасы әлсіреп, бірнеше ұлыстарға, ордаларға бөлінді. Солтүстік Кавказда Кіші Ноғай ордасы, ал Жем, Ойыл жағалауларында Алты Ұлыс ордасы құрылды. Исмаил мырзаның қарамағындағы тайпалар Үлкен Ноғай ордасын құрып, 1557 ж. Орыс мемлекетіне бағынды. Еділ қалмақтарының шабуылынан кейін 1634 ж. ноғайлар Еділдің оң жағына көшіп, Кіші Ноғай ордасымен бірікті де, Қырым хандығына тәуелді болды. Ноғай ордасы ыдырағаннан кейін қазақ жерінде қалған ел Қазақ хандығы құрамына енді. Ноғай ордасы түркі халықтары тарихында үлкен із қалдырды. Қазақ, қарақалпақ, өзбек, татар, башқұрт, т.б. түркі халықтарының ұлт болып қалыптасуында Ноғай ордасына кірген тайпалардың үлесі өте мол. Олардан аса үлкен мәдени мұра қалды; Ноғайлы дәуірінің әдебиеті.

Ноғай Ордасының билеушілері

  • Едіге би (1392-1412)
  • Нұраддин би (1412-1419)
  • Мансұр би (1419-1427)
  • Қазы би (1427-1428)
  • Уақас би (1428-1447)
  • Хорезми би (1447-1473)
  • Аббас би (1473-1491)
  • Мұса би (1491-1502)
  • Жаңбыршы би (1502-1504)
  • Хасан би (1504-1508)
  • Шейх Мұхаммед би (1508-1510, 1516-1519)
  • Алшағыр би (1508-1516)
  • Ағыш би (1521-1524)
  • Саид Ахмет би (1524-1541)
  • Қазы Мұхаммед мырза (1537-1541)
  • Шейх Мамай би (1541-1549)
  • Жүсіп би (1549-1554)
  • Исмаил би (1557-1563)

Әдебиет

  • Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды. — Саранск: Мордов. кн. изд-во, 1960. — 279 с. — 1500 экз.
  • Жолдасбаев С., Бабаев Д. История Казахстана средних веков. — Алматы: «Атамура», 2003.
  • Восточная Европа Средневековья и раннего Нового времени глазами французских исследователей: Сборник статей / Отв. ред. И. А. Мустакимов, А. Г. Ситдиков; науч. ред. И. В. Зайцев, Д. А. Мустафина; ввод. ст. В. В. Трепавлов. — * Казань: Институт истории АН РТ, 2009. — 428 с.
  • Керейтов Рамазан, Червонная Светлана. Эпиграфика Ногайской степи // «Татарская археология», 2002−2003. — № 1−2(10−11).
  • Хисамиева Г. Заговорили камни времен Ногайской Орды // Газета «Маяк» Азнакаевского района 14.04.06.
  • Трепавлов В. В. «Орда самовольная»: Кочевая империя ногаев XV–XVI веков. — М.: Квадрига, 2013. — 224 с. — (Исторические исследования). — 600 экз. — ISBN 978-5-91791-021-5.
  • Гимбатова М. Б. О воинской этике ногайцев. // Военно-исторический журнал. — 2008. — № 12. — С.74-76.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Алаша хан

  • Наурыз 12, 2026

    Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков

  • Наурыз 29, 2026

    Салалас құрмалас сөйлем

  • Сәуір 03, 2026

    Армия генералы

  • Наурыз 11, 2026

    Отырар

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары