Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарла

Көміртек айналымы

  • Басты бет
  • Көміртек айналымы

Көміртек айналымы – табиғатта көміртектің үздіксіз айналу құбылысы. Тірі организмдердегі көміртектің құрамы (құрғақ затқа шаққанда): су өсімдіктері мен жануарларда 34,5–40%, құрғақтағы өсімдіктер мен жануарларда 45,4–46,5%, бактерияларда 54% болады. Организмдердің өмір сүру процесі кезінде, негізінен, тыныс алу арқылы органикалық қосылыстар ыдырап, сыртқы ортаға көмірқышқыл газы бөлінеді. Сондай-ақ, көміртек зат алмасудың күрделі соңғы өнімдері құрамынан да бөлінеді. Жануарлар мен өсімдіктер тіршілігін жойғаннан кейін де, микроорганизмдер әрекетінен шіріп, көміртектің біраз бөлігі көмірқышқыл газына айналады. Фотосинтез нәтижесінде өсімдікке сіңеді, одан көмірсуға, крахмалға, т.б. айналады, қорегі арқылы тірі организмдерге ауысады. Демек, табиғаттағы көміртек айналымы, оның жер қыртысындағы жинақталуы мен таралуы, едәуір дәрежеде атмосферадағы көмірқышқыл газының фотосинтез кезінде ассимиляцияға ұшырайтын өсімдік организмдерінің өмір сүруімен тығыз байланыста өтеді. Шіру, жану және дем алу нәтижесінде көміртектің белгілі бір бөлігі атмосфераға қайтып оралады, қалғаны органикалық немесе карбонаттық қалдық түрінде бөлінеді, минералданып көмір, мұнай, әктас, т.б. кен шоғырларын түзеді. Көміртек атмосфераға адамзаттың өндірістік әрекеті салдарынан да бөлінеді.

Барлық сандар үшін — млрд тонна
Жасыл ғаламшар Бұл — экология бойынша мақаланың бастамасы.
Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Мұхит аралдары

  • Сәуір 05, 2026

    Баба сұлтан

  • Наурыз 13, 2026

    Қорқыт ата

  • Сәуір 05, 2026

    Тәуелді аймақ

  • Сәуір 03, 2026

    Көк Орда

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары