| Лабақ кесенесі | |
| |
| Жалпы мәлімет | |
|---|---|
| Статусы | Мемлекет қорғауында |
| Орналасуы | Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Ұлытау ауданы |
| Құрылысы аяқталды | 1874 ж. |
| Биіктігі | 6,45 м |
| Техникалық сипаттамасы | |
| Басқа да өлшемдері | 7,25x8,25 м |
Лабақ күмбезі – Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Ұлытау облысы Ұлытау ауданы Малшыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан. Авторы, құрылысшы, тапсырыс беруші, құрылу тарихы белгісіз. 1975 жылы жазда ҚазССР Мәдениет министрлігінің экспедициясы зерттеген (М. Маманбаев, М. Нұрқабаев, М. Сембин).
Сипаты
1874 жылы шикі кірпіштен қаланған, іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталып өрілген. Ескерткіштің ауданы 7,25x8,25 м, биіктігі 6,45 м. Кіре беріс есігі оңтүстік-батысында. Төрт бұрышты пішіннен дөңгелек күмбезге ұласу бұрыш қуыстары арқылы жүзеген асқан. Қабырғаларының дәл ортасында да осы секілді қуыстар жасалған. Лабақ күмбезінің көлемі, интерьердің 8 қуысы, сондай-ақ, кіре беріс ойықтағы қуыс төмен қарай сәл кеңи түскен. Күмбездің бұрыштары шығыңқы етіп екі қатар кірпіштен қаланған.
- Алфавит бойынша ғимараттар
- Қазақстан кесенелері
- Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері
- Ұлытау облысы сәулеті
