| Ларри Эллисон | |
| Lawrence Joseph Ellison | |
| |
| Туған күні | 17 тамыз 1994 (32 жас) |
|---|---|
| Туған жері | Нью-Йорк |
| Азаматтығы |
|
| Қызметі | CEO |
Лоуренс Джозеф Эллисон (17 тамыз 1944) - Америка кәсіпкері, Oracle компаниясының негізін қалаушының бірі және басқарушысы. NetSuite Inc компаниясының негізгі акционері.
Өмірі
Балалық шағы
Нью-Йоркте Флоренс Спелманның отбасында дүниеге келген. Әкесі Америка Әуе Күштерінің ұшқышы. Ларриді Лилия Спелман мен Льюис Спелман асырап алған. Эллисон туған анасымен 48 жыл көріспеген.
Эллисон Чикагода өскен, білім алған. Асырап алған анасының қайтыс болғандығынан екінші жылғы емтиханнан өте алмады. Жаздан кейін Ларри досымен бірге Чикаго университетінде 1 семестр оқып, сол кезде есептегіш машинамен алғаш кездеседі.
1964 жылы, 20 жасында солтүстік Калифорнияға көшіп кетеді.
Жұмыс жолы
1970 жылдар басында Amdahl және Ampex компанияларында жұмыс істейді. Ол екі әріптесімен бірге 1977 жылы Oracle компаниясының негізін қалайды. 1979 жылы ең алғаш версиясы Oracle v2 шығады. 1980 жылдары Oracle жаңа СУБД шығарумен айналысты. 1986 жылы Oracle биржада пайда бола бастады, үш жылда компания өзінің тауарларының сатылуын 10 есе арттырды ($584 млн). Бірақ та 1990 жылы компания қиындықтармен соқтығысты, компания өзінің қарыздарын жабу үшін жүздеген жұмысшыларын жұмыстан шығарды
Капиталы
Алғаш рет Ларри Эллисон есімі Forbes-та 1986 жылы капиталы $185 млн жеткен кезде пайда болды. 2012 $44 млрд - АҚШ-та үшінші орын алды.
Жеке өмрі
Эллисон 4 рет үйленген болатын, оның әйелдері: Ада Куинн (Ada Quinn, 1967—1974), Нэнси Уиллер (Nancy Wheeler, 1977—1978), Барбара Бут (Barbara Boothe, 1983—1986), Мелани Крафт (2003—2010).
Дереккөздер
- Larry Ellison Biography — Academy of Achievement
- Symonds Matthew Softwar: An Intimate Portrait of Larry Ellison and Oracle. — Simon & Schuster, 2003.
- CNN Money: «Larry Ellison’s surreal year» By Adam Lashinsky
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 17 тамызда туғандар
- 1994 жылы туғандар
