Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Малайсары жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысында, Іле өзенінің оң жағалауынан бастап ендік бағытта созылып жатқан жота.

Малайсары жотасы

  • Басты бет
  • Малайсары жотасы

Малайсары жотасы – Жетісу (Жоңғар) Алатауының оңтүстік-батысында, Іле өзенінің оң жағалауынан бастап ендік бағытта созылып жатқан жота.

Малайсары жотасы

Малайсары жотасы
Сипаттамасы
Тау жүйесі

Жетісу (Жоңғар) Алатауы

Ұзындығы

80-85 км

Ені

20 км

Биіктігі

1406 м

Орналасуы

44°28′34″ с. е. 77°23′57″ ш. б. / 44.47611° с. е. 77.39917° ш. б. / 44.47611; 77.39917 (G) (O) (Я)Координаттар: 44°28′34″ с. е. 77°23′57″ ш. б. / 44.47611° с. е. 77.39917° ш. б. / 44.47611; 77.39917 (G) (O) (Я) (T)

Елдер

 Қазақстан, Алматы облысы Талғар және Жетісу облысы Кербұлақ аудандары жерінде

Малайсары жотасы (Алматы облысы)
Малайсары жотасы
Малайсары жотасы (Жетісу облысы)
Малайсары жотасы

Мазмұны

Географиялық орны

Алматы облысы Талғар және Жетісу облысы Кербұлақ аудандары жерінде орналасқан. Солтүстігінде Мойынқұм құмымен, оңтүстігінде Итжон үстіртімен шектеседі. Жота батыстан (718 м) шығысқа (1406 м) қарай биіктейді, жалпы ұзындығы 80-85 км, енді жері 20 км-ге жетеді.

Жер бедері

Солтүстігі мен оңтүстігінің адырлы беткейлері қатты тілімделген. Олардан жаз айларында құрғап қалатын шағын өзендер бастау алады.

Климаты

Климаты тым континентті. Ауа райының орташа температурасы қаңтарда -8-12°С (кейде -34°С-ке дейін төмендейді), шілде айында 24-28°С (кейде 35°С-қа дейін жоғарлайды). Жауын-шашынның орташа мөлшері қыс айларында 50-200 мм, жаз айларында 150-180 мм.

Топырағы, өсімдігі мен жан-жануарлары

Топырағы батысында - сұр, шығысында - бозғылт қоңыр. Өсімдіктері - жусан, бетеге, селеу, көде, қау, ебелек аралас әр түрлі шөптер. Жота қойнауын тышқан, кесіртке, жылан, т.б. жәндіктер, торғай, бұлдырық т.б. құстар мекендейді.

Елді-мекендері

Жота баурайында қыстаулар (Тоғызқұдық, Қопалы, Малайсары, т.б.), қоныстар (Көкбастау, Кербұлақ, т.б.) мен бұлақтар орналасқан. Шығысындағы Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылы маңында Малайсары жотасының етегімен Түрксіб темір жолы және Алматы-Өскемен автомобиль жолы өтеді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 17, 2026

    Алтай аймағы

  • Сәуір 13, 2026

    Жеңілдетілген иероглифтер

  • Наурыз 24, 2026

    Орманды дала зонасы

  • Наурыз 15, 2026

    Салт-дәстүр

  • Сәуір 30, 2026

    Орыс әдебиеті

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары