Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Елді мекен
Меркі шипажайы
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Облысы

Жамбыл

Ауданы

Меркі

Ауылдық округі

Меркі

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°46′39″ с. е. 73°13′38″ ш. б. / 42.77750° с. е. 73.22722° ш. б. / 42.77750; 73.22722 (G) (O) (Я)Координаттар: 42°46′39″ с. е. 73°13′38″ ш. б. / 42.77750° с. е. 73.22722° ш. б. / 42.77750; 73.22722 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1958

Бұрынғы атаулары

Меркенка

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

170 адам (2021)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

08

Меркі шипажайы картадаҚарабоғаз шығанағыАрал теңізіАрал теңізіАрал теңізіТүрікменстанӨзбекстанӘзербайжанГрузияҚырғызстанТәжікстанҚытайРесейБайқоңырАлматыАстанаШымкентБалқаш көліЗайсан көліАлакөл көліМаңғыстау облысыАтырау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысыҚостанай облысыСолтүстік Қазақстан облысыАқмола облысыПавлодар облысыҰлытау облысыҚарағанды облысыҚызылорда облысыТүркістан облысыЖамбыл облысыШығыс Қазақстан облысыАбай облысыАлматы облысыЖетісу облысыКаспий теңізі
Меркі шипажайы картада
Меркі шипажайы
Меркі шипажайы
Меркі шипажайы картада
Меркі шипажайы
Меркі шипажайы
 Басқа мағыналар үшін Меркі (айрық) деген бетті қараңыз.

Меркі шипажайыЖамбыл облысы Меркі ауданы, Меркі ауылдық округі құрамындағы елді мекен, шипажай.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Меркі ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 8 км-дей жерде.

Халқы

Саны (2009, 2021)
200920212021 2009-ға пайызбенЕрлер 2009Ерлер 20212021 2009-ға пайызбенӘйелдер 2009Әйелдер 20212021 2009-ға пайызбен
25617066,41328060,61249072,6

Шипажай тарихы

1958 жылы "Меркенка" демалыс үйі болып құрылды. 1960 жылдан бастап шефтік қамқорлыққа алған "Қазсоветкурорт" сауықтыру орнының аяғынан тік тұруына, әрі жұмысын жандандыруыға көп көмегін тигізді. 1981 жылы "Меркенка" демалыс үйі "Меркі шипажайы" болып қайта құрылды. Мұндай өзгеріске осынау таулы өңірдің ерекшеліктері, табиғи емдік қасиеттері себепші болды. Мәселен, географиялық және климаттық жағдайы емдеу-сауықтыру мақсатына қолайлы, аудан орталығынан 12 шақырым асфальтты жол қатынасының болуы. Ең бастысы, мұнда радонға бай минералды су көзі бар. Жер астынан төрт жерден ұңғыма арқылы (тәулігіне 217300 литр) шығып жатқан шипалы судың температурасы 21-23 градус. Судың құрамындағы радон газы (1400-1800 эман), оның емдік қасиеті өте жоғары, суы тұщы, минералдылығы 300 мг/л. Құрамында натрий, хлор, сульфат, фтор, кремний қышқылы бар. Шипалы судың сапасы мұқият зерттеліп, оны еліміздегі өте жоғары шипалы судың қатарына жатқызады.

Ғалымдардың анықтауынша, радон адам организміне тері, жұқа шеміршектер арқылы еніп, радон "депосын" құрады. Одан әрі ол ыдыраған кезде пайда болған бөлшектер терідегі нерв нүктелеріне, сол арқылы бүкіл организмге әсер етеді.

Шипажайда жылдың қай мезгілінде болмасын емдеу қалыпты өтеді. Мүнда көктем ерте шығады. Қар тез еріп, тау бөктерлері жасыл барқыт жамылады. Жиі-жиі нөсерлі жаңбыр жауады. Жазда жауын-шашын сирек. Шілденің аптапты күндерінде де мұнда ыстық болмайды. Ағып жатқан өзен мен тау самалы ауа райын салқындатып тұрады. Күз құрғақ, ұзақ. Суық кеш түседі. Қыста қар қалың түседі, бірақ аса суық болмайды.

Сыртқы сілтеме

Шипажай 9 қазанның 2011 жылы.

html error wiki