
Метафизика (грек. τὰ μετὰ τὰ φυσικά; лат. Metaphysica; әдеби мағынасы: "физиканың ар жағы", "физикадан тысқары") — ежелгі грек ойшылы Аристотельдің негізгі шығармаларының бірі, сол атаумен аталатын, философияның бір тармағы болған метафизика туралы алғашқы ірі еңбек. Негізгі тақырып - "болмыстың болмыс болуы" мәселесі, яғни бар болудың сырына талдау жасау. Кітапта кез-келген нәрсенің әлдеқандай нақты қасиетін емес, оның болмысын, яғни солай болып жатқаны нені білдіретінін сараланды. Сондай-ақ кітапта себептілік, форма мен материя, математикалық объекттердің болуы мәселесі және басты қозғатушы ретіндегі Тәңір қатарлы әртүрлі проблемалар қамтылған.
- Аристотель шығармалары
- Философиялық шығармалар
- Ежелгі Грекия философиясы
- Кітаптар