Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

{{Cite web|url=https://www.in.gr/2026/03/01/world/nekroi-kori-o-gampros-kai-o-eggonos-tou-ali-xamenei-kata-tis-proines-epitheseis/ |title=Νεκροί η κόρη, ο γαμπρ

Моджтаба Хаменеи

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Моджтаба Хаменеи
مجتبی خامنه‌ای
Моджтаба Хаменеи
Хаменеи, 2024 жыл
Лауазымы
Ту
Ту
Иран Жоғарғы көсемі
Ту
Ту
8 наурыз 2026 жылдан бастап
Президент Масуд Пезешкиан
Ізашары Әли Хаменеи
Өмірбаяны
Білімі Қом семинариясы
Діні шиия ислам
Дүниеге келуі 8 қыркүйек 1969 (1969-09-08)(56 жас)
Машһад, Иран
Туған кездегі есімі Моджтаба Хосейни Хаменеи
Әкесі Әли Хаменеи
Анасы Мансуре Ходжасте Багерзаде (парсы)
Жұбайы
Заһра Хаддад-Әдел
(үйл. 2004; қай. 2026)
Балалары 3
Қызмет еткен жылдары
  • 1987–1988 (Ислам төңкерісі сақшыларының корпусы)
  • 2009 (Басидж)
Әскер түрі
  • Ислам төңкерісі сақшыларының корпусы (1987–1988)
  • Басидж (2009)
Шайқасы
  • Иран-Ирак соғысы
  • Жасыл төңкеріс
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
Моджтаба Хаменеи Ортаққорда

Аятолла Сейіт Моджтаба Хосейни Хаменеи (тағы Мұжтаба;парсы: مجتبی حسینی خامنه‌ای; 8 қыркүйек 1969 жыл, Машһад) — ирандық саяси және діни қайраткер, 2026 жылғы наурыздан бері Иран жоғарғы көсемі.

Хаменеи — Иранның бұрынғы жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің екінші баласы. Ол 1987 жылдан 1988 жылға дейін Ислам революциясы сақшыларының корпусында қызмет етті. 2009 жылы наразыларға қарсы күш көрсеткен Басиджге бейресми түрде басшылық еткен.

Дін мен саясаттағы кішкене тәжірибесі және непотизмге қарамастан 2026 жылғы наурызда Хаменеи елдің келесі жоғарғы көсемі болып сайланды. Ізашар әкесі сол жылғы ақпанда өлтірілген болатын.

Әли Хаменеидің билігі кезінде Моджтаба оның ең мүмкін ізбасары, ең ықпалды баласы делінді. Саяси және заңи ұстанымы бойынша Моджтаба Иран консерваторларының экстремал жағында деп бағаланады. Атлант кеңесі оны «идеологиясы бойынша ең экстремист молдалармен байланысты» деді. Сарапшылар оны әкесімен салыстырғанда ядролық қаруды көбірек қолдайды деп бағалады.

Ерте жылдары және білімі

Хаменеи 1969 жылғы 8 қыркүйекте Машһадта туған. Ол — Иран жоғарғы көсемі Әли Хаменеидің екінші ұл баласы. Дін білімін әкесінен және өзге де ұстаздан алған, осылайша дін қызметкері атанған.

Мансабы

Хаменеи Қом қаласында діни дәріс беретін.

Жоғарғы көсемдікке үміткерлігі

Хаменеи Иран жоғарғы көсемдігіне үміткерлер арасында еді. Иранның үш түрлі шенеунігі оны «айқын фаворит» деді.

2026 жылғы 4 наурызда түрлі шетелдік деректер Моджтабаның Жоғарғы көсем болып сайланғанын хабарлады. Бұны, алайда, ресми деректер әлі растамады.

Жоғарғы көсем

2026 жылғы 8 наурызда Сарапшылар кеңесі жаңа Жоғарғы көсемнің Хаменеи екенін жариялады. Сайланғанынан бері Хаменеи халық алдында шығып көрмеген.Әкесін өлтірген соққыда Хаменеи қатты жарақаттанды деген ақпарат бар. Масуд Пезешкианның ұлы Юсуф ол «кішкене ғана» жарақат алды, бірақ дені сау деді. Иран шенеунігі The Telegraph баспасына: «Моджтаба туралы ешкім ештеңе білмейді: оның тірі ме, әлде қайтыс болғаны ма, немесе қаншалықты ауыр жараланғаны да белгісіз. Бізге тек оның жараланғаны айтылды. Ол соғысқа ықпал етпейді, өйткені ол мұнда жоқ. Командирлердің көпшілігі, дәлірек айтқанда, барлық командирлер, одан еш хабар алмады» деп хабарлады.

Жоғары