Мәлік Жаппасбаев (1914, қазіргі Сырдария ауданы– 1944) – сазгер, күйші, домбырашы, дирижер. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Бала кезінен домбыра тартып, ел арасына танымал болған. 1935 ж. Жаппасбаев Қазақ халық аспаптары оркестріне (1944 жылдан Құрманғазы атындындағы) концертмейстер қызметіне шақырылған. Сол қызметімен бірге Алматы филармониясында домбырашы, дирижер міндеттерін атқарған. Жаппасбаев шертпе күйлердің шебер орындаушысы ретінде халық жадында қалды. Ол өз жанынан «Қарағанды туралы ән», «Сәлем», «Жастық жыры», «Сұлу қыз», т.б. әндерін шығарған.
Санаттар:
- Қазақстан дирижерлері
- Қазақстан сазгерлері
- Күйшілер
- 1914 жылы туғандар
- Қызылорда облысында туғандар
- 1944 жылы қайтыс болғандар
- Домбырашылар