Нарын жотасы – Оңтүстік Алтайдағы таулы жота.
| Нарын жотасы | |
| Сипаттамасы | |
|---|---|
| Тау жүйесі | Оңтүстік Алтай жотасы |
| Пайда болған кезеңі | Палеозой |
| Ұзындығы | 130 км |
| Биіктігі | 2533 м |
| Орналасуы | |
| 50°06′ с. е. 84°19′ ш. б. / 50.100° с. е. 84.317° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 50°06′ с. е. 84°19′ ш. б. / 50.100° с. е. 84.317° ш. б. (G) (O) (Я) | |
| Елдер |
|
| | |
Географиялық орны
Абай облысы Көкпекті ауданы мен Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы жерінде орналасқан.
Жер бедері
Жота батыстан шығысқа қарай 130 км-ге созылып жатыр. Ең биік жері шығыс бөлігінде (абсолюттік биіктігі 2533 м). Нарын жотасы Күршім және Нарын өзендерінің суайрығы саналады. Жотаның баурайынан Құрғаққайыңды, Жіңішке, Күршім, Нарын, Қиынсу, Қумырза, Маралды, Озерная, т.б. өзендер бастау алады.
Геологиялық құрылымы
Жота палеозой эрасының конгломераттарынан, әктас, құмтас, тақтатас, туф, порфирит және интрузивті граниттерден түзілген. Жер қойнауында түсті металл кентастарының кен орындары барланған.
Өсімдігі
Өсімдік жамылғысында 600 м-ден 1300 м-ге дейінгі биіктікте бетеге, жусан, т.б. далалық өсімдіктер, 1300 м-ден жоғарыда (солтүстік беткейінде) қайың, көктерек, одан жоғарыда шырша, самырсын, тау басында альпілік шалғын өседі.
