Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Нарын құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан.

Нарын құмы

  • Басты бет
  • Нарын құмы

Нарын құмы – Каспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігінде, Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан.

Нарын құмы
Нарын құмы
Нарын құмы
Сипаттамасы
Ауданы40 000 км²
Климаты
Қаңтардағы орт. температура–12,2 °C
Шілдедегі орт. температура25,5 °C
Орналасуы
48°09′00″ с. е. 49°27′00″ ш. б. / 48.15000° с. е. 49.45000° ш. б. / 48.15000; 49.45000 (G) (O) (Я)Координаттар: 48°09′00″ с. е. 49°27′00″ ш. б. / 48.15000° с. е. 49.45000° ш. б. / 48.15000; 49.45000 (G) (O) (Я) (T)
Ел Қазақстан
АймақтарАтырау облысы, Батыс Қазақстан облысы
ОрналасуыКаспий маңы ойпатының солтүстік-батыс бөлігі
Нарын құмы
Жылыой ауданыМақат ауданыҚызылқоға ауданыАтырауМахамбет ауданыИндер ауданыИсатай ауданыҚұрманғазы ауданыКаспий теңізіРесейМаңғыстау облысыБатыс Қазақстан облысыАқтөбе облысы
Нарын құмы
 Басқа мағыналар үшін Нарын деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Географиялық орны

Әкімшілік тұрғыдан Атырау облысының Құрманғазы, Махамбет аудандары және Батыс Қазақстан облысының Бөкей Ордасы, Жаңақала және Ақжайық ауданының оңтүстік бөлігін қамтиды.

Жер бедері мен геологиялық құрылымы

Аумағы 40 мың км2. Құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 21 м төмен жатыр. Өңір Каспий теңізінің Хвалын және Хазар кезеңдерінің шөгінділерінен түзілген. Неоген, пермь-триас жыныстары да кездеседі. Батпайсағыр, Теректіқұм, Жаманқұм, Орда, Бұзанай, Қосдәулет, Ментеке массивтерінен тұрады. Солтүстік-шығысын Қамыс-Самар жайылмасы алып жатыр.

Климаты

Климаты тым континенттік, қаңтар айындағы орташа темпертурасы –10,4 – 12,2 °С, шілдеде 24,9 – 25,5 °С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 214 – 246 мм. Қардың қалыңдығы 10 см-ден аспайды. Жерге түскен ылғалдың булану мөлшері жауын-шашыннан 5 – 6 есе артық. Аңызақ жел, шаңды дауыл жиі соғады. Тұрақты ағатын өзен-жылғалары жоқ. Жер астының тұщы су қоры (1,5 – 2 м тереңдікте) мол. Құдықтар мен шұратты жерлер көп. Қараөзеннің және Сарыөзеннің көктемгі жайылма ағыны кейде Нарын құмының солтүстік жағын суландырады.

Топырақ жамылғысы, өсімдіктері мен жануарлары

Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт қоңыр, құмдақты-саздақты, сортаңды сұр топырақтан тұрады. Еркекшөп, жүзгін, қияқ, құмаршық, ойыстау жерлерінде жыңғыл, терек, қандыағаш, көктерек өседі. Киік, қоян, қарсақ, дала күзені, т.б. кездеседі. Нарын құмы аумағында Орда геоботаникалық қорықшасы орналасқан.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 21, 2026

    Күй

  • Сәуір 03, 2026

    Іле ауданы

  • Наурыз 13, 2026

    Көз

  • Наурыз 29, 2026

    Азаматтық құқық

  • Наурыз 23, 2026

    Туризм

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары