Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Норвег тілі (norsk [nɔʂːk]) — солтүстік герман тілдерінің батыс-скандинавия тобы, Норвегияның ресми тілі. Бұл тілде шамамен 5 млн адам сөйлейді.

Норвег тілі

  • Басты бет
  • Норвег тілі

Норвег тілі (norsk [nɔʂːk]) — солтүстік герман тілдерінің батыс-скандинавия тобы, Норвегияның ресми тілі. Бұл тілде шамамен 5 млн адам сөйлейді.

Тарихы

12 ғасырдың аяғында көне норвег тілі өз бетінше тіл болып қалыптасты. 15 ғасырдың ортасында норвег тілі көптеген норвегтердің тіліне айналған болатын.

Қазіргі норвег тілінің 2 бәсекелес және «ресми» түрі бар — букмол (норв. bokmål — кітаби тіл) және нюнорск (норв. nynorsk — жаңа норвегиялық).

Букмол (риксмол) кең таралған, жазба дат тілінен шыққан, Норвегия территориясында Дания–Норвегия (ағылш. Denmark–Norway) мемлекеті тұсынан бастап қолданылады. Букмол тілінде үнжария және журналдар жарияланады; ол жазба тіл сапасында пайдаланылады.

Жаңа норвег формасы — нюнорск — батыс ауыл диалектілеріне негізделген, 19 ғасыр ортасында көне скандинавия тілдік дәстүрін сақтау үшін Ивар Осен (1813—96) ойлап тапқан. Екі тіл де ресми дәрежеде және білім жүйесінде.

Екеуін жалпы бірте-бірте бір тіл — самнорск (ағылш. samnorsk) ету саясаты жоспарда болған, бірақ 2002 жылы ресми тоқтатылған болатын.

Норвег әліпбиі

Норвег әліпбиі 29 әріптен құралады:

A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z Æ Ø Å
a b c d e f g h i j k l m n o p q r s t u v w x y z æ ø å
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Британ аралдары

  • Сәуір 10, 2026

    Адам даму индексі бойынша елдер тізбесі

  • Наурыз 19, 2026

    Ел тізімі (жалпы қабылданған атаулар)

  • Сәуір 13, 2026

    Шағатай хан

  • Сәуір 10, 2026

    Натрий гидроксиді

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары