Нүсіпбек Жақыпбаев (1890, бұрынғы Жетісу облысы Үлкен Алматы болысы — 1932) — қоғам қайраткері.
- 1911 жылы Верный ер балалар гимназиясын
- 1916 жылы Киев университетінің медицина факултетін үздік бітірген.
- Оқуын бітіргеннен кейін Жетісу облысына жұмысқа жіберіледі. Майдандағы қара жұмысқа шақырылғандарға арналған дәрігерлік пункттегі комиссия құрамында жұмыс істейді (1916).
- Сол жылы желтоқсанда Үржар ауылдық дәрігерлік бөлімшесінде дәрігер болады.
- 1918 жылы 10 — 31 тамызда Лепсі қаласында өткен Жетісу облысы қазақтарының 2-съезінде Алаш облысы комитетінің жаңадан сайланған құрамына мүше болады.
- 1923 — 24 жылдары Жетісу облысы денсаулық сақтау бөлімі меңгерушісінің орынбасары
- 1924 — 26 жылдары Жетісу губерниялық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, губерниялық атқару комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған.
- 1925 жылы дәрігерлердің Бүкілодақтық 1-съезіне, Орынборда өткен губерниялық денсаулық сақтау бөлімдерінің съезіне қатысқан.
Санаттар:
- Алаш Орда қайраткерлері
- 1890 жылы туғандар
- Алматы облысында туғандар
- 1932 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан дәрігерлері