Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Байкенов Нұрлы (1.1.1915, Ресей, Омбы облысы Омбы ауданы Трусовка селосы — 13.8.1991, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1962). Омбы педагогикалық инсти

Нұрлы Байкенов

  • Басты бет
  • Нұрлы Байкенов

Байкенов Нұрлы (1.1.1915, Ресей, Омбы облысы Омбы ауданы Трусовка селосы — 13.8.1991, Алматы) — әскери қайраткер, генерал-майор (1962). Омбы педагогикалық институтын (1936), Мәскеу әскери-саяси академиясын (1952) бітірген.

Керей тайпасның Тарышы руының Ақсары бөлімінен шыққан.

1940 жылы Кеңес армиясы қатарына шақырылған. 1941—1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, ротаның саяси жетекшісі, корпус саяси бөлімінің инспекторы болған. 1948—1958 жылдары Түркістан әскери округында полк, кейін дивизия командирінің саяси жұмыс жөніндегі орынбасары, бастығы, 1958—1960 жылдары Қазақ КСР Әскери комиссариаты саяси бөлімінің бастығы, 1960—1980 жылдары Қазақ КСР Әскери комиссары болды. 1980 жылы зейнетке шыққан. 1-, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі “КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін” ордендерімен және медальдермен марапатталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Мұхаметжан Тынышбайұлы

  • Наурыз 11, 2026

    Қазақ әліпбиі

  • Наурыз 29, 2026

    Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова

  • Наурыз 18, 2026

    Сарматтар

  • Сәуір 04, 2026

    Сырым ауданы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары