| Нұрмұхамбет Қожахметов | |
| Қожахметұлы Нұрмұхамбет | |
1952 жылы жасалған Нұрмұхамбет суреті | |
| Туған күні | 24 маусым 1930 |
|---|---|
| Туған жері | Майлан, Ақмола облысы |
| Қайтыс болған күні | 12 ақпан 1962 (31 жас) |
| Қайтыс болған жері | Ақмола, Қазақ КСР |
| Азаматтығы |
|
| Ұлты | Қазақ |
| Мамандығы | Милиция қызметкері, кіші-сержант |
| Осы үшін белгілі | Ақмолалық апат кезінде ондаған адамның өмірін құтқарған (1959) |
| Жұбайы | София Қожахметова |
| Марапаттары мен сыйлықтары |
|
Нұрмұхамбет Қожахметов (24 маусым 1930, Майлан – 12 ақпан 1962, Ақмола) — милиция кіші-сержанты, Ақмола батыры, «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері. 1959 жылы Есіл өзенінің үстіндегі көпірдің құлаған кезде кезекшілікте болған жалғыз милиция қызметкері.
Өмірбаяны
1930 жылы, Ақмола облысының, Ерейментау ауданының, Майлан ауылында дүниеге келген. 1952 жылдан бастап Милиция қызметкері. 1958 жылы София атты қызға үйленді. 1959 жылғы Ақмолалық апат кезінде, көпір опырылып құлаған кезде ондаған адамның өмірін сақтап қалған.
Өлімі
1962 жылдың 12 ақпан күні Нұрмұхамбет үйден шығып, Қазақсельмаш зауытына жіберілді. Бірақ сол күні ол жерге жеткен жоқ. Енді ғана автобусқа мініп келе жатса, алдынан бір кісінің айғалаған дауысы естілді:- Дүкен қасында адамдар төбелесіп тұр! Құтқарыңдаршы!
Нұрмұхамбет кенеттен автобустан жүгіріп, дүкенге ұмтыла бастады. Келсе, бір кісі жігітті соққыға жығып жатыр. Аппақ бет, қанмен толды. Нұрмұхамбет кісіні бірден таныды. Ол милицияға танымал қылмыскер болды, аты - Мүкішкев. "Жолама! Өлтірем!" - деген дауыстар естілді. Нұрмұхамбет Мүкішкевпен төбелеске кірді. Мүкішкев қазір мас, қолында қаруы бар. Ал Нұрмұхамбетте ештеңе болған жоқ. Бірақ Нұрмұхамбет өз қаһарлығын көрсетіп, Мүкішкевты ұстап алды. Тобырдан тағы бір дауыс естіліп қалды: "Әй, жібер жігітті!" - деді біреу. Нұрмұхамбет білді - бұл Мүкішкевтың бір досы-ау. Түрін де таныды - ол Алмағашев болды. Қарағандыда бір қызды зорлап, өлтірген. Кенеттен бір әйелдің айғайы естілді: "Милиция келді!". Нұрмұхамбеттің әріптестері, Қонақбаев және Құтжанов келді. Бірге Мүкішкев пен Алмағашевті көлікке отырғызды. Қожахметов пен Қонақбаев бүліктап жатқан Мүкішкевты тыныштандырып жатқан кезде, Алмағашев пышақты алып, Нұрмұхамбетке 6 ауыр соққы тигізді. Нұрмұхамбет соңғы күшін жинап, Алмағашевті атып тастады. Өзі де, сол жерде қайтыс болды.—Кузнецов Ю.
Марапаттары
- Қызыл жұлдыз ордені — 21 қаңтар 1961

Естелік
Астана қаласының бір көшесі — Нұрмұхамбет Қожахметов көшесі атына ие.
Фильмография
Нұрмұхамбет Қожахметовты фильм-сериалдарда келесі актёрлер ойнаған:
- «Апатты тергеулер» сериалы, 3-ші хикая: «Ақмола көпірі» (2023) («Расследование катастроф») — ойнаған Дауренбекулы Р.
- «Қожахметов ерлігі» фильмі (2025) — ойнаған Махметов А.
- Алфавит бойынша тұлғалар
- 24 маусымда туғандар
- 1930 жылы туғандар
- 12 ақпанда қайтыс болғандар
- 1962 жылы қайтыс болғандар
- Қызыл Жұлдыз орденінің иегерлері
- Ерейментау ауданында туғандар