Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шағын тұщы сулы Көктал көлінен басталып (Қойбағар ауылы маңында), Ресей Федерациясы аумағында Звериноголовское селосынан 10 км жерде Тобылға құяды.

Обаған (өзен)

  • Басты бет
  • Обаған (өзен)

Обаған – Тобыл алабындағы өзен.

Обаған өзені
Обаған өзені Құсмұрын маңында
Обаған өзені Құсмұрын маңында
Сипаттамасы
Ұзындығы 376 км
Су алабының
ауданы
27300 км²
Су алабы Тобыл өзені
Су ағысы
Бастауы Көктал көлі
 • Координаттары 52°08′34″ с. е. 64°29′12″ ш. б. / 52.14278° с. е. 64.48667° ш. б. / 52.14278; 64.48667 (G) (O) (Я) (T)
Сағасы Тобыл өзені
 • Координаттары 54°24′05″ с. е. 64°44′58″ ш. б. / 54.40139° с. е. 64.74944° ш. б. / 54.40139; 64.74944 (G) (O) (Я)Координаттар: 54°24′05″ с. е. 64°44′58″ ш. б. / 54.40139° с. е. 64.74944° ш. б. / 54.40139; 64.74944 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел Қазақстан, Ресей
Аймақ Қостанай облысының Әулиекөл, Қарасу, Алтынсарин, Ұзынкөл аудандары
 Басқа мағыналар үшін Обаған деген бетті қараңыз.

Мазмұны

Бастауы

Шағын тұщы сулы Көктал көлінен басталып (Қойбағар ауылы маңында), Ресей Федерациясы аумағында Звериноголовское селосынан 10 км жерде Тобылға құяды.

Географиялық орны

Қостанай облысының Әулиекөл, Қарасу, Алтынсарин, Ұзынкөл аудандарының жерімен ағады.

Гидрологиясы

Ұзындығы 376 км, су жиналатын алабы 27300 км2. Аңғары жоғарғы ағысында 2,5 – 3 км, орта бөлігінде 3 – 8 км, сағасына таяу 7 – 7,5 км. Арнасы жарлы (2 – 4 м). Торғай қолатымен ағады. Ірі саласы – Құндызды. Аңғарында Құсмұрын, Талды, Алакөл, Теңіз, Қарақамыс, т.б. көлдер бар. Жер асты, жауын-шашын суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы сағасында (Ақсуат ауылы тұсында) 140 м3/с. Суы жоғарғы бөлігінде тұщы, төменде кермек татиды. Жайылмасы шабындық.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 06, 2026

    Өлі тілдер

  • Сәуір 05, 2026

    Урду тілі

  • Сәуір 05, 2026

    Газ алмасу

  • Сәуір 08, 2026

    Ирландия (арал)

  • Наурыз 22, 2026

    Педагогика

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары