Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Омарбай Малқаров (3.12. 1908, Жамбыл облысы, Шу ауданы – 1993) – жазушы. ҚазПИ-дің жанындағы жұмысшы факультетін (рабфакты) бітірген. Содан кейін Алматыдағы мем

Омарбай Малқаров

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Омарбай Малқаров (3.12. 1908, Жамбыл облысы, Шу ауданы – 1993) – жазушы. ҚазПИ-дің жанындағы жұмысшы факультетін (рабфакты) бітірген. Содан кейін Алматыдағы мемлекеттік екі жылдық мұғалімдер институтында оқыған. 1938 жылы КСРО Ғылым академиясының Алматыдағы филиалында жұмыс істеген. 1937 жылдан өлең жаза бастаған. 1938 жылдың аяғында Қазақстан Жазушылар одағы Оңтүстік Қазақстан облысы ақын-жазушыларының жұмысын басқару мақсатында тұрақты өкіл болып барған. Ол бұл жұмыста 15 жыл бойы, сондай-ақ облысы «Оңтүстік Қазақстан» газетінде 10 жылдан аса қызмет атқарған.

Шығармалары:

  • Өлеңдер, Алматы, 1954;
  • Оңтүстік жырлары. Өлеңдер мен поэмалар, Алматы, 1966;
  • Мен ат үстіндемін. Өлеңдер, Алматы, 1971;
  • Оңтүстік аспаны. Өлеңдер, поэмалар, Алматы, 1978;
  • Қайнар. Өлеңдер мен дастандар, Алматы, 1980.

Сілтемелер

  1. Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Жоғары