| Ауыл | |
| Отырар | |
| Әкімшілігі | |
|---|---|
| Ел |
|
| Статусы | Ауылдық округ орталығы |
| Облысы | |
| Ауданы | |
| Ауылдық округі | Қарғалы |
| Тарихы мен географиясы | |
| Координаттары | 42°54′21″ с. е. 68°20′41″ ш. б. / 42.90583° с. е. 68.34472° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°54′21″ с. е. 68°20′41″ ш. б. / 42.90583° с. е. 68.34472° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Құрылған уақыты | 1933 |
| Уақыт белдеуі | UTC+5:00 |
| Тұрғындары | |
| Тұрғыны | ▲1496 адам (2021) |
| Сандық идентификаторлары | |
| Автомобиль коды | 13 |
Отырар шекарасы | |
Отырар — Түркістан облысы Отырар ауданындағы ауыл, Қарғалы ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Ауыл орталығы – Шәуілдір ауылынан солтүстікке қарай 15 км жерде, ежелгі Отырар қаласының солтүстік-шығысында орналасқан.
Халқы
| 1999 | 2009 | 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Ерлер 2009 | Ерлер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен | Әйелдер 2009 | Әйелдер 2021 | 2021 2009-ға пайызбен |
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| 1366 | ▼1354 | ▲1496 | 110,5 | 722 | ▲768 | 106,4 | 632 | ▲728 | 115,2 |
Тарихы
Отырардың екі мың жылдық тарихы бар. Мұнда VI-X ғасырда шағын қала болған. Ежелгі Отырар қаласы арқылы өтетін Жібек жолының бір тармағы осы жермен өткен. Қазіргі Отырар ауылының іргесі 1933-1934 жылдары қаланған. Бұрынғы қоныстан Арыс өзенінің батыс жағындағы Көкмардан төбесіне көшірілген. 1945 жылы Отырар ауылы деп аталады. 1931 жылы алғашында қой өсірумен айналысатын "Отырар" ұжымшары құрылды. 1963 жылы Арыс 60 жылдық атындағы мал өсіретін кеңшардың бөлімшесі болды. 1996 жылдан мақта, жүгері, мал азыктық және бақша дақылдарын өсіретін шаруа кожалықтары жұмыс істейді.
Инфрақұрылымы және экономикасы
Ауыл маңында "Құланның" құмы атты кен орны орналасқан. Кен орнынан Шымкент, Арыс, Түркістан қалаларының емдеу орындарына осы жердің балшығы тасылады. Орта мектеп, фельдшер-акушерлік пункт, кітапхана, клуб, пошта жұмыс істейді. Ауыл маңында Қоңыртөбе, Мәслихаттөбе, Жалпақтөбе атты ежелгі тарихи-археологиялық орындар қирандысы сақталған. Отырардың шығысынан 2 км жерден Ташкент—Орынбор темір жолы өтеді. Отырарда аудан аумағындағы алғашқы бастауыш мектеп 1931 жылы ашылған. Алғашқы директоры - А. Оспанов. 1968 жылдан орта мектеп ретінде оқушыларды қабылдай бастаған.
- Алфавит бойынша елді мекендер
- 1933 жылы құрылған елді мекендер
- Отырар ауданы елді мекендері


