Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Сарапшылар кеңесі (парсы: مجلس خبرگان رهبری‎, Majles-e Khobregān-e Rahbarī, «Басшылық сарапшылары кеңесі») — Иран жоғарғы көсемін тағайындауға, бақылауға және қ

Сарапшылар кеңесі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Сарапшылар кеңесі
مجلس خبرگان رهبری
Сарапшылар кеңесі
Иран елтаңбасы
Мемлекет

 Иран

Түрі
Сайлану мерзімі

8 жыл

Басшылығы
Спикері

Мұхаммед Әли Мовахеди Кермани
21 мамыр 2024 жылдан бері

Бірінші орынбасары

Хашем Хосейни Бушехри
21 мамыр 2024 жылдан бері

Екінші орынбасары

Әлиреза Арафи
21 мамыр 2024 жылдан бері

Құрылымы

Фракциялары
Фракциясы бойынша
  •      Қағидашылар (59)
  •      Реформашылар (1)
  •      Фракциясыздар (26)
  •      Мандаты бос (2)
Сайлауы
Дауыс беру жүйесі
  • Бірнеше мандатты округтер: Блоктық дауыс беру
  • Бір мандатты округтер: Бір жеңімпазы бар салыстырмалы көпшілік жүйесі
Соңғы сайлауы

1 наурыз 2024 (ағыл.)

Жиналыс залы

Штаб-пәтері

Тегеран

Assembly of Experts of the Leadership

Сарапшылар кеңесі (парсы: مجلس خبرگان رهبری, Majles-e Khobregān-e Rahbarī, «Басшылық сарапшылары кеңесі») — Иран жоғарғы көсемін тағайындауға, бақылауға және қызметінен босатуға өкілетті кеңесші орган. Ассамблея 88 мүшеден тұрады, олар халық тарапынан тікелей сегіз жылдық мерзімге сайланады. Кеңес мүшелігіне кандидаттардың бәрін де Сақшылар кеңесі тексереді.

Сарапшылар кеңесіне 88 мұжтаһид кіреді. Олар таңдаулы кандидаттар тізімінен 8 жылға тікелей сайланады. Мүшелер саны 1982 жылы 82 болса, 2016 жылдан бері 88. Қазіргі заңдарға сәйкес кеңес алты ай сайын кемінде екі рет жиын жасайды. Сақшылар кеңесінің жартысын Жоғарғы көсем жеке өзі тағайындайды. Бұл жүйе бірнеше рет дауға әкелді; оппозицияшыл, я реформашыл кандидаттар сирек кездеседі.

Иран Конституциясының 111-бабына сәйкес, «кез келген жағдайда Көсем өзінің конституциялық міндеттерін орындауға қабілетсіз болып қалса немесе 5 және 109-баптарда көрсетілген талаптардың бірін жоғалтса, не оның бастапқыдан осы талаптардың кейбіріне ие болмағаны анықталса, ол қызметінен босатылады».

Ирандағы соғыс барысында, нақтырақ айтқанда 2026 жылғы 3 наурызда АҚШ пен Израиль Сарапшылар кеңесінің Қом қаласындағы ғимаратына әуеден соғып жіберді.

Төрағалар тізімі

Кеңестің қазіргі төрағасы аятолла Мұхаммед Әли Мовахеди Кермани, 2016 жыл

Сарапшылар кеңесінің төрағалар тізімі:

  • 1983–2007: Әли Мешкини
  • 2007–2011: Әли Акбар Хашеми Рафсанджани
  • 2011–2014: Мұхаммед-Реза Махдави Кани
  • 2015–2016: Мұхаммед Язди
  • 2016–2024: Ахмед Джаннати
  • 2024–: Мұхаммед Әли Мовахеди Кермани

Құзыреті

Сарапшылар кеңесі Жоғарғы көсемге ешқашан да күмән көрсетпеген, лауазымынан ешқашан босатпаған. Мамандар пікірінше, Әли Хаменеидің ұзаққа созылған билігі барысында Сарапшылар кеңесі де-факто өкілеттігінен айырылып, салтанатты ғана органға айналып кетті. 2015 жылы Хаменеи тағайындаған Иранның сол кездегі Жоғарғы сотының төрағасы Садық Лариджани Кеңестің Хаменеи іс‑әрекетін қадағалауы конституцияға сай емес деді.

Жоғары