Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Сартақ сұлтан қазақтың ханы Есімнің отбасында дүниеге келген. Сартақ сұлтан Жәнібек хан мен Жәңгір ханның туған бауыры болған. А. Левшиннің айтуы бойынша Жәңгір

Сартақ сұлтан

  • Басты бет
  • Сартақ сұлтан

Сартақ сұлтан (1615, Түркістан — 1646) — Есім ханның кенже ұлы.

Сартақ сұлтан
Лауазымы
Ту
Ту
Қазақ хандығы сұлтаны
Өмірбаяны
Діні ислам
Дүниеге келуі 1615 (1615)
Түркістан
Қайтыс болуы 1646 (1646)
Династия Төрелер
Әкесі Есім хан
Балалары Қысрау сұлтан
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

Өмірбаяны

Сартақ сұлтан қазақтың ханы Есімнің отбасында дүниеге келген. Сартақ сұлтан Жәнібек хан мен Жәңгір ханның туған бауыры болған. А. Левшиннің айтуы бойынша Жәңгір ханның Сартақ сұлтан есімді бауыры болған; оның Құзырет сұлтан атты ұлы болды, ал соңғысында 1718 жылы Ұлы Петрге хат жазған Қайып хан деген ұлы болды.

Тарихта Сартақ сұлтан туралы мәліметтер өте аз. 1646 жылы Батыр қонтайшы Қазақ хандығына қарсы жаңа жорық жасағаны белгілі. Қазақтар жеңіліп, Жәнібек ханның інісі Сартақ сұлтан әйелдері және қызметшілерімен бірге тұтқынға түседі. Хошоуыттар көсемдерінің бірі Күнделі тайшының адамдары тұтқын қазақтар болған қонтайшы керуеніне шабуыл жасағаны көңіл аудартады. Күнделі тайшы туысы және текті тұтқын Сырдақ сұлтанды құтқарып алуға тырысты. Алайда, тосқауыл сәтсіз болып, Күнделі тайшы 250 адамынан айырылып, шегінуге мәжбүр болды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 03, 2026

    Ғұбайдолла хан

  • Сәуір 04, 2026

    Жарқайың ауданы

  • Сәуір 04, 2026

    Қызыл теңіз

  • Сәуір 03, 2026

    Қорғалжын ауданы

  • Сәуір 03, 2026

    Чех тілі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары