| Сарқан өзені | |
|---|---|
| Сипаттамасы | |
| Ұзындығы | 90 км |
| Су алабының ауданы | 704 км² |
| Су алабы | Балқаш көлі |
| Су ағысы | |
| Бастауы | Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі мұздық |
| • Биіктігі | 3400 м |
| • Координаттары | 45°03′05″ с. е. 80°00′55″ ш. б. / 45.05139° с. е. 80.01528° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Сағасы | Ақсу өзені |
| • Координаттары | 43°32′55″ с. е. 79°33′54″ ш. б. / 43.54861° с. е. 79.56500° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 43°32′55″ с. е. 79°33′54″ ш. б. / 43.54861° с. е. 79.56500° ш. б. (G) (O) (Я) |
| Орналасуы | |
| Ел | Қазақстан |
| Аймақ | Жетісу облысы Сарқан ауданы |
Сарқан – Балқаш көлі алабындағы өзен.
Географиялық орны
Жетісу облысының Сарқан ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 90 км. Су жиналатын алабы 704 км2.
Бастауы
Жетісу Алатауының солтүстік беткейіндегі биіктігі 3400 м мұздықтан басталып, Көкжайдақ ауылы тұсында Ақсу өзеніне кұяды.
Гидрологиясы
Аңғарының ені 300 - 500, кейде 1500 м-ге дейін жетеді. Арнасы қиыршықтасты, жиегі түйетайлы, биіктігі 3,5 - 4 м. Мұздық (35 - 40%), жауын-шашын (10 - 45%), жер асты (45 - 50%) суларымен толысады. Мамыр айында тасып, су деңгейі 2 м-ге дейін көтеріледі. Өзен бойында Сарқан қаласынан төмен 10 канал салынған. Өзен суы егін суғаруға, шаруашылық мұктаждықтарына пайдаланылады.
Санаттар:
- Алфавит бойынша өзендер
- Сарқан ауданы өзендері
- Балқаш су алабы